15:49
Ең қысқа әңгіме

#067

Күнде ұрыс, күнде төбелес, екеуі алға шығам деп, алысып әлек болады.

— Кімдер?

— Екі мен.

 

#068

— Маам, мен телефонымды жоғалтқанда неге ұрыспадыңыз?

 — Мен ұрыссам телефонды біреу әкеледі ме? – деді.

Осы бір-ақ ауыз сөзден болашаққа деген үлкен сабақ алғандай болдым. Өзің қандай тәрбие берсең, балаң сондай болады. Кішкентай ғана тырнақтың өзін қисық алсаң қисық, түзу, мінсіз етіп алсаң мінсіз болып өсетінін естен шығармайық.

 

#069

"Үстелдің үстінде әлі бітпеген салаттар. Алаңда таққа жетпейтін талаптар. «Батысты қолдаймыз, ертең 12:00-де» дейді-мыс. Ғаламтор жоғалып әлемнен қалдық тыс. Ақшаң картада, әттең, қалтада емес. Қазір амандықтан басқа ештеңе керек емес. Ал ертең ше? Ол күн болды елес. Кей адамдар қайтып келмес. Үмітсіз шайтан. Гүл-Алматы, жоқ, күл-Алматыма енді қашан қайтам?"

 

#070

- ?

- .

- !!!

- !

- ?!

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан. ОДКБ.

 

#071

"Сені біреуге тоқал болсын деп өсірген жоқпын!" – деді арамза молда үшінші әйелінен туған қызына жиіркене қарап.

 

#072

— Анашым, қарашы. Мынаған үйленемін, мынамен жүремін, – деді Нұрбол анасына суреттерді көрсетіп жатып. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 130 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: