16:09
Ең қысқа әңгіме

#049

— Өміріңде не нәрседен қатты қиналдың?

 — Жауапсыз махаббаттан.

— Сосын?

 — Болды.

— Бір-ақ рет қиналыпсың ғой?)

— 1000 рет...

 

#050

— Эй, сұмырай! Терезені жап! Шулап кетті ғой мыналар, әкеңнің!

Бұл жолы Дәметкен күйеуінің айтқанын орындамады. Енді ешқашан орындамайды…

 

#051

«Мен қызға ешқашан ауыр сөз айтпаймын» деді ол анасымен сөйлесіп... Осыдан 5 минут өткен соң ол қызына:

— Мен саған сенбеймін! Түкке тұрғысызсың! Дым пайдаң жоқ, – деді...

 

#052

Халықтан сауалнама алынды: “Сіз билік жұмысына қанағаттанасыз ба?” деген сұраққа 85% адам “Иә” деп жауап берді. Ал “Are you satisfied with the governmental work?” деген сұраққа 80% адам “NO” деп жауап берді

 

#053

Анам айтады: Бала кезімізде шешем қонаққа кеткенде сүттің бетіндегі қаймағын алып жеп қоятын едік. Келгенде ұрысушы еді "Ұятты, кісіге енді қалай шәй беремін" деп. Балалықпен ештеңе ұқпаған екенбіз ғой, қазір ойласам сол кезден-ақ үлгілі отанасы болуды ұқтырған екен.

 

#054

— Әке, бақыт дегеніміз не?

— Қалқам, оны қарттар үйінен сұра.

— Олар маған түсіндіре алмаса ше?

— Онда жетімдер үйінен сұра!

баспаға әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 122 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: