13:40
Ең қысқа әңгіме

#037

Мезгілсіз кездесу

Зуылдаған көліктер тоқтар емес. Бағдаршам қызыл көзін жұмуға еш асықпайды. Ол тыпыршып әрең тұр. Маңызды кездесуге кешіккенін қарашы!

Көліктер саябыр тапқандай көрінді. Алайда қызыл түс енді ғана сарыға ауысты. Бұл жүгіре басып көшеден өте берді. Жарық... Арғы бетіне өтіп кетті...

 

#038

Қазақ ойшылдығымен абыройлы болған еді, қазір тойшылдығымен абыройлы...

 

#039

Ее, Жаратушының жалғанда уақытша берген нығметін зор көріп, Раббымыздың алдында қор болғанымызды байқамай қалады екенбіз-ау. Ақылдыға ақымақ таңданып, сұлуға ұсқынсыз тамсанып, біреудің нығмет-сынағын аңсаумен шүкірсіз өзгені барладық.

Бақуатты байлығымен паңданып, сөйлеуші сөзімен мақтанып, өмірдегі абыроймен жүр екенбіз ғой алданып. Сондағы түп ниеттегі уайым сұрақ: "Абырой таптық не таппадық?"...

 

#040

Кім ақылды?

— Бүгінгі адамдар кешегілерден ақылды ма?

 — Иә...

— Кешегілерде телефон, компьютер, интернет дегендер болмаған ғой. Сол үшін бе?

— Жоқ. Бар ақылын ақымақ мұрагерлеріне тастап кеткен.

 

#041

— Керемет таңдау, аға! Әйеліңізге ме?

 — Жоқ, кішкентай қызыма, бүгін 12 жасқа толып еді.

 — Құттықтаймын, жастан жасқа жете берсін!

— Рахмет! - деп жымиды. Бірақ, сатушының соңғы сөздері бұны еш қуантпады. Сатып алған ақ түсті орамалын алып дүкеннен шықты да, қала шетіндегі зиратқа қарай беттеді...

 

#042

Ол ақша үшін бірнеше адамды, әсіресе жастарды Сирияға жіберетін. Әр жібергені үшін қомақты қаржы алғанына мәз болып жүрді. Теледидардан баласынан айырылып, зар жылаған ата-аналарды көрсе де дүниеге қызығушылығы басылмайтын, бір жағы өз баласы қасында еді.

Бір күні ол жылап мешітке келді де:

— Молдеке, баламды қайтаршы, Сирияға кетіп қалыпты, - деді...!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 132 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: