13:34
Ең қысқа әңгіме

#031

Шақпақ тасқа шақпақ тас соғылса ғана жалын шығады.

Қайсар жанға қайсар жан кезіксе ғана...

 

#032

Туу. Балабақша. Мектеп. Универ. Отбасы. Жұмыс. Бала. Қартаю. Өлу.

Вроде бәрін дұрыс жасадым, жұмаққа кірем-ау осы.

 

#033

Менің көзім жеткен нәрсе «Адам өзі қандай болса, өзгелерді де солай көреді», бұны іс жүзінде де байқадым. Осы бір нәрсені көкейіме түйген соң терең ойға баттым. Адам айналасындағыларды дәл өзіндей көретін болса, неге өзіне қарағандай мейіріммен, өзіне сенгендей сеніммен, ең болмағанда, бауырына қарағандай жылы лебізбен қарамайды екен.

 

#034

Бала күнімде атам:

"Бір жұлдыз ақса, бір адам көз жұмды", – дейтін.

Ал досым:

"Жұлдыз аққанда тілек тіле", – дейтін.

Атам ауруынан, досым жол апатынан дүниеден өтіп, мен жұлдыз аққанда: "Жұлдыз ақпасын", – деп тілейтін болдым.

 

#035

Өмір

Көктем. Таң атты. Ана бауырынан шығып, әке қолын ұстап мектепке келдім. Қолымда мақтау жарлығы, желкемде "Бiтіруші" деген таспа ілулі.

Жаздың нұры ана жүзіндегі әжімдерді күзге қарай ырғытып жол салыпты. Қолымда диплом. Мен енді маманмын. Көңілсіз күрең күз келді. Жұмыстағы қарбаласпен ата-анама жолықпаппын.

Қыс. Әке-шешемнің басында қар. Ақпан. Мен енді жалғызбын...

 

#036

Менің бос уақытымдағы сүйікті ісімді айтайын ба?

Ол - екеуіміз алғаш сөйлесіп бастаған күннен бергі хабарламаларды оқу. Қайталап оқи берем, оқи берем. Одан жалыққан емеспін...

Ал бүгін біз тағы телефонмен тілдестік. Әдеттегідей сен менен, мен сенен жеңілмеу қағидасы. Жұмбақтап, астарлап сөйлеу біздің сезіміміздің символы. Ойланып сөйлемесек те, ойнап сөйлескенді ұнатамыз. Екеуіміз де біртүрліміз! Мойындадым!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 132 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: