13:35
Ең қысқа әңгіме

#025

— Мен осы үйдің ер азаматымын! Мен еркекпін! Менің айтқаным заң!

— Мына лампочканы ауыстыратын.

 — Соны да маған айтасың ба енді, бойың жетеді ғой.

ТВ. ПУЛЬТ. ДИВАН. СМАРТФОН.

 

#026

"Өлім қайғысы, өмір қайғысының қасында түк емес", – деді теледидардағы сайлау үміткерлерінің арасынан баласының сөйлеген сөзін тыңдап отырып. Қарттар үйінің медбикесі ауыр күрсінді.

 

#027

Сенім

Алғаш кездескен күні есінде. Жан-жағын тас қамалмен қоршап алғандай, айналасына сенімсіздікпен қарап, ешкімге үн қатпайтын. Жақын тартқан жандардың сатқындығы адам атаулыдан алыс болу керектігін насихаттап тұрғандай еді. «Ауызы күйген үрлеп ішедінің» көрінісі. Күн өткен сайын шынайы күліп, ой-сезімдерін ақтарылып айтатын болды. Алып қамалды бұзған бір адам. Оның махаббаты, сенімі.

 

#028

Әр адам - биік шың...

-Бойында ой дарыған, санасында ақыл орнаған, жүрегінде иман қолдаған сипаттан құралар әрбір жан.

 -Үшеуін бір бойға жиюмен еңбектенген адам - белес жолын бағындыру қадамын жасауда деп білемін.

-Бұл үш қасиет, адамда болса ғанибет!.

 

#029

Анашым пешке отын салғанда жалындап тұрған отқа да қарамайтын. Білегіне дейін отты қарып шығатын. Анамнан асқан батыл жоқ секілді көрінетін.

– Мама, байқасаңызшы. Қолыңыз отқа күймей ме? – дейді ұлым.

– Мамалардың қолы күймейді, – дедім мақтанып.

Көңілімді әп-сәтте сағыныш билеп ала кетті.

 

#030

Бала кезімде ішер ас таба алмай тамақ ұрладым. Полиция ұстап алып түрмеге қамап қойды. Түрмеде 2 жыл тегін тамақ жеп шықтым.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 126 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: