10:32
Ең қысқа әңгіме

#001

Келдім. Көрдім. Өлдім.

 

#002

Анашым, сіз үшін өмірде ең қымбат нәрсе не?

 — Жаным, мен үшін ең қымбат нәрсе сендердің амандықтарың мен күлкілерің.

 — Әке, ал сізге ше?

— Сендер аман болсаңдар болды. Басқа ештеңе керек емес. Сендер үшін бәріне дайынмын.

Осыны жазып отырып көзіме жас алдым. Ата-анамызды қадірлейік. Әке-ана, сіздерді қатты жақсы көремін.

 

#003

Атамның ауыр болса да түсінікті сөздері есімде сақталып қалды. Соның бірі: "Болашағың жарқын болсын десеңөткеніңді ұмытпа! II Екатерина айтқандай:   "Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады деген". Сондықтан Бейбіт күннің астында еңсеңді көтеріп, тік жүргің келсе тарихыңды есте сақтап, ұрпақтан–ұрпаққа жеткізіп отыр!" — деп айтқан соңғы сөзі...

 

#004

Әке, жерде жұмақ бар ма?

— Жердегі жұмақты білмеймін, ботам, бірақ тынымсыз адал еңбек етіп, кешке үйіне қайтқан адамның тері исінің өзі жұмақ жұпарындай.

 

#005

Апай, сонда мен сіз секілді мұғалім болу үшін 4 жыл оқу жеткілікті ме?

— Олжас, ұстаз болу үшін өмір бойы ізденіспен, жан қалауымен тыныштықты бір етуді мақсат еткенде сені дипломсыз-ақ өмір ұстаз етеді. Осы сенің әкең мектеп директоры емес пе, неге одан сұрамадың?

— Апай, әкем дәрігер болғысы келген, білмейді екен.

 

#006

Сабақтан асыға келді де, киімін шешпестен бір жасар інісіне жүгірді. Пешті ұстап алмасын деп, төсекке аяғынан байлап қойған жерінен шешіп алды. Жылап жүр өзі. Көрші бөлмеде мас әкешеше ұйықтап жатыр...

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 160 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: