15:22
Құдайтану баяны

ТАУХИД: ИСЛАМ ҚҰДАЙЫ

Пайғамбар мен серіктері өмір сүрген қоғам Бақилләнидікімен салыстырғанда, өте қарапайым еді. Ислам империясы өркениетті әлемге тарады, сондықтан мұсылмандар интеллектуалды тұрғыдан Құдай мен әлем жайында барынша жетілген таны жолдарымен бетпе-бет келді. Мұхаммед инстинктілі түрде ежелгі яһудилердің иләһи ақиқатпен жанасқан тәжірибелерінің көпшілігін қайта жаңғыртты. Мұсылмандардың жаңа буыны да бұған дейін христиан шіркеуінің бас қатырған проблемаларына душар болды. Тіпті мұсылмандардың кейбірі Құран қатал түрд сынаған христиандықтағы Исаны Құдайға теңелуі секілді инкарнация сеніміне жүгінді. Исламның батылдығы көрсеткендей, трансцендентті адамиланған Құдай танымы өзгеріссіз бір проблеманы қайта туғызды және бірдей шешімге итермеледі.

Кәлам тәжірибесі айғақтағандай, рационалды пайым арқылы жүзеге асатын логикалық әдіс «Құдайдың» танылмайтынын дәлелдеуде кәдеге жарағанмен, бұл әдіс көптеген мұсылманды толғандыдры. Исламда кәлам бәрібір Батыс христиандығындағы теология сияқты емес. алғашында мутазилиттерді қолдаған Аббас әулетінің халифтері көп уақыт өтпей, олардың доктриналарын мұсылмандарға таңа алмайтындарын түсінді. Халық оларды «қабылдамай қойды». Рационализм исламдық ой-танымға орта ғасырдың бүкіл кезеңінде ықпал етіп келді, алайда мұсылмандардың көп бөлігі бұған күмәнмен қарады. Сондықтан ақылды басшылыққа алғандар әрдайым азшылық болып қалды. Яһудилік пен христиандық секілді, ислам да семиттік тәжірибе негізінде пайда болды.

Алайда Шығыстағы эллиндік ортаықтарда грек рационализмімен қайшылыққа түсті. Кейбір мұсылмандар исламдық Құдайды тамыры терең әрі радикал эллиндік философияның негізінде қайта қарауға күш салып, монотеистік үш дінге де жаңаша философиялық қалыптар әкелді. Нәтижесінде, исламда, яһудилікте және христиандықта құдайлық тылсымды игеруде философияны маңызды санайтын әртүрлі, бірақ таңғажайып көзқарастар қалыптасты.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 124 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: