18:47
Құдайтану баяны

ТАУХИД: ИСЛАМ ҚҰДАЙЫ

Ибн Ханбал Құдай туралы қандай да бір рационалдық тартысқа түсуден бас тартты. Осылайша, байсалды Мутазила әл-Хуайан әл-Қарибиси (859 жылы қайтыс болған) «шындығында, Құран Құдайдың сөзі ретінде жаратылмаған, бірақ адам оқыған кезде жаратылған қыры пайда болады» деп бітімге шақырған көзқарас ұсынғанда, ибн Ханбал бұл пікірді де жоққа шығарда. Әл-Қарибиси өз көзқарасын жетілдіруге дайын еді. Ол «Құран араб тілінде жазылды және оқылды. Егер бұл тіл – Құдайыдң ежелдегі сөзінің бөлшегі болса, онда Құран жаратылмаған» деген көзқарасты алға тартты. Ибн Ханбал бұл ойды да іске алғысыз етіп тастады. Өйткені мұндай рационалды таныммен Құранның түп-төркіні жайлы ой толғау – қауіпті. Рационалды тәсіл ақылға сыймайтын Құдайды танып-білуге жарамайды. Ол «Мутазила Құдайыд бүкіл жасырын сипаттарынан арылтып, Оны ешқандай діни мәні қалмаған дерексіз формулаға айналдырды» деп кінә тақты. Ибн Ханбал Құранның Құдайдың осы әлемдегі іс-әрекетін сипаттағанда немесе «сөйлегенін», «көргенін», «тағында отырғанын» түсіндірген кезде, не антропологиялық терминдермен айтылғанда, осы сөздер тілдік мәнінде (била кәйф) қолданылуы қажет деген пікірінде табандап тұрып алды. Бәлкім, оны Афанасий сияқты радикал христианға ұқсайды деуге болатын шығар. Өйткені Афанасий де «тірілу қағидасын» түсіндіру кезінде рационалистік бұрмалауларға қарсы тұрды. Ибн Ханбал «Құдайдың болмысын қисын мен ұғым арқылы ұғыну. Құдайдың болмысына ой жетпейді» деген ұстанымдардан ауытқыған жоқ.

Дегенмен Құранда әрдайым білу мен ұғудың маңызы жиі айтылғандықтан, ибн Ханбалдың көзқарасы қарабайырлау көрінеді. Бірқатар мұсылмандар оның ойларын теріс және кедергі қоюшы деп тапты.

Әбу әл-Хасан ибн-Исмаил әл-Әшари (878-941) да бітімге келуге шақырды. Әшари Мутазила болып жүргенде түсінде Пайғамбардың оған «хадиспен айналыс» деп бұйырғанын көріп дәстүршіл болған. Сөйтіп, Мутазила исламның бәлесі деп пәтуа шығарды. Содан кейін тағы бір түс көрді. Мұхаммед оған ренжіген сыңй танытып: «Мен саған ақылшы көзқарастан бас тарт демеп пе едім ғой» деді. Осыдан кейін Әшари ибн Ханбалдың агностикалқ (танылмайтын) ұстанымын қорғау үшін Мутазиланың рационалистік тәсілін қолданды. Мутазила құдайдың уахиларын ақылмен қамту мүмкін десе, Әшари Құдайыдң біздің ұғымымздан тыс екенін дәлелдеу үшін ақыл мен қисынды қолданды. Мутазила Құдайыд жүйелі, бірақ жансыз концепциямен түсіндіруге ойысса, Әшари Оның (Алла) ақылға қонымсыз қайшылығына қарамастан, Құрандағы кәміл Құдайға оралуды мақсат тұтты. Ол Дионисий Ареопагит секілді, «қайшылық адамдардың Құдайға деген құрметін күшейтеді» деп сенді. Әшари Құдайды кез келген адамнан туатын идеялар секілді талқылап немесе талдап отыратын абстрактілі таным деңгейіне түсіруден бас тартты. Білу, Билік ету, Бар болу секілді тағы да басқа иләһи сипаттар – ғасырлардан бері Құдайға тән болып келген анық ақиқаттар. Алайда бұл сипаттар Құдайдың болмысынан бөлек еді, өйткені Құдай Өз болмысында жалғыз және күрделі емес, еш нәрсеге ұқсамайтын, күрделі бір болмыс ретінде түсінілмейтін, қараапйымның нақ өзі. Оның көптеген сипатын жеке-жеке алып немесе Оның затын бөлшектеп талдап, анықтама беру мүмкін емес. Әшари бұл парадксты шешуге деген талпыныстың бәрінен бас тартатын. Ақыры, Құранда Алла өзінің «тағында отырады» деп айтылды да, мінсіз-пәк рухтың «отыруын» елестете алмасақ та, мұны бұлжымайтын факті ретінде қабылдауға тура келеді.

Әшари мақсатты обскурантизм мен шектен шыққан рационализм арасынан орта жол табуға тырысты. Мәтіншілдердің кейбіреуі тіпті Алланың физикалық бейнесін бар деп сенді, өйткені Құранда турашылдар Құдайыд жоғарыда көреді делінген еді. Хишам иьн Хаким қатты кеткені соншалық:

«Алланың белгілі, ұзын, кең әрі жоғары, бар бағытта теңдей үлкен, нұр шашқан, үш түрлі өлшемде де үлкен, мекеннен тысқары мекенде, таза металл құймасы секілді, бар қырымен інжу секілді жарқыраған, түс, дәм, иіс және сипап сезу дарыған деенсі бар».

Кейбір шииттік топтар бұл көзқарастарды қабыл алды, өйткені имамдар да құдайлық инкарнация бар деп сенетін. Мутазила, мысалы, Құрандағы «Алланың қолы» жайлы айтылғанды аллегориялық жолмен ауыспалы мағынада Оның (Алла) шексіз жомарттығы немесе кеңдігі деп түсіну керек деп, табандылық танытты. Әшари адамдар Құдай жайыл тек қана символдық тілмен сөйлей алады деген, Құрандағы аргументтерге сүйене отырып, мәтіншілердің жорамалдарын қабыл алмады. Сонымен қатар рационалды ұстанымды тұтасымен жоққа шығаратын дәстүрілдермен де келіспейтін. Оның басты аргументі мынау еді: Мұхаммед мұндай проблемалармен бетпе-бет келмеді, егер бетпе-бет келгенде, мұсылмандарға жол көрсететін еді, ақыры, мұндай шешім қалдырмаған екен, Құдай туралы ақиқат танымға қол жеткізу үшін, барша мұсылмандар аналогия (қиияс) арқылы пайымдаулары қажет. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 118 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: