18:54
Құдайтану баяны

ТАУХИД: ИСЛАМ ҚҰДАЙЫ

Құдайдың адам ісіне жөн сілтеуі мәселесінде саяси түйткілдер теологиялық тартыс тудырды. Әмәуилердің қолдаушылары еш шімірікпей, исламға сай келмейтін мінез-құлықтың өз міні емес екенін, Құдайдың өздерін солай жаратқанын алға тартатын. Құран Құдайдың әр нәрсеге күші жететінін және әр жерде әзір әрі нәзір (көруші) екенін жиі-жиі тілге тиек етеді. Бірнеше мәтін билеушілердің билікке қатысты көзқарастарын қорғау үшін қолданылуы мүмкін. Бірақ Құрандағы табанды тұжырымдар адамның жауапкершілігі мәселесінде де көрініс табады: «Шындығында, адамдар өздерін өзгертпейінше, Алла оларды өзгертпе         ді». Жүйені сынап келгендер соңында ерік-қалау мен моральдық жауапкершіліктің мәніне тоқталатын. Мутазила орта жолды ұстанып, бір мәселеде ұшқары кетуден тартынып отырды (итазабу – аулақ тұру). Адамның моральдық қасиетін қолдау үшін қалау еркіндігін қозғап шықты. Құдайдың қарапайым, жаңсақ-дұрыс сияқты пенделік ұғымдардан пәк екеніне иланған мұсылмандар. Оның әділетіне шек келтіргендей көрінетін. Бүкіл жалаң ережелерді бұзып, олардан арылған Құдай, қатыгез билеуші кейпінде тек бір жыртқыш болуы мүмкін еді. Шииттер сияқты Мутазила да әділеттің Құдайдың негізі екенін алға тартады. Ол ақылға кереғар құбылысты қабыл етпейтін.

Мутазила ағымы – «адам өз тағдырын өзі жасап, өзі жаратады» деген көзқарасқа бекіген. Олардың осы мәндес ойлары Құдайдың Құдіретті Жаратқан (қадир-и мұтлақ) сипатына қайшы келеді. Яғни дәстүрлі ағымдардың түсінігіне теріс түседі. Дәстүршілдер Мутазиланың «Құдайды тек ақылдың күшімен тануға болады» деген ойынан және Оған толығымен адамдық сипаттарды бергенінен тіксініп қалды. Олар Құдайдың болмысына ақыл жетпейді деген түсінікті орнықтыру үшін «тағдыр алдын-ала жазылып қойған» деген қағиданы қабылдады. Егер Оны танып-білдік десек, бұл ойдың өзі Құдай емес, жай бір адамның түсінігі ретінде қалады. Құдай – адамдардың қарабайыр дұрыс-бұрыс деген ұғымдарынан пәк. Оны біздің өлшеміміз бен тұжырымдарымыз арқылы тану мүмкін емес. бір әрекеттің жаман не жөнсіз екенін адами қасиеттердің артықшылығы арқылы аңғара алмаймыз. Оны Құдайдың жазмышы ретінде бағалау жеткілікті. Мутазила адамдық идеалға айналған әділетті – Құдайдың негізі деп танытқан сәтте ағаттыққа ұрынды. Христиандарды да толғандырған тағдыр мен қалау еркіндіі мәселесі – адами сипатпен көмкерілген – Құдай идеясына келгенде қиындай түсті. Брахман сияқты адамдық сипаттан ада Құдай – ой жетпейтін иләһи болмыстың пердесі сияқты көрінетін «жақсы» және «жаман» ұғымдарынан ұзақ тұруы мүмкін. Бірақ жасырын түрде адами сипатқа енген және адамзат тарихында ықпалды рөл атқарған Құдай келе-келе сынға ұшырай бастады. Мұндай «Құдайды әдеттегіден тыс қатыгез билеуші немесе тергеуші етіп көрсету және оның біздің қалауымызды орындауын күту өте оңай. «Құдайды кісілік көзқарасымызға сай, консерваторға немесе социалистке, нәсілші немесе төңкерісшіге айналдыра аламыз. Бұл қауіп кейбіреулерді адами сипатқа ие Құдайға діннен тыс құбылыс ретінде қарауға алып келді. Өйткені мұндай көзқарас бізді соқыр сеніміміздің құрбаны қылады және біздің адамдық ойларымызды тереңдете түседі.

Дәстүршілдер бұл қауіптен сатану үшін әрі яһудилер, әрі христиандарда ескіден бері келе жатқан Құдайдың болмысы мен әрекеті арасындағы айырмашылықты қолға алды. Бұл сипаттамалардың кейбірі тылсым Құдайды әлеммен байланыстыруға жарады. Ал Құранда: билік, білім, қалау, есту, көру және сөйлесу сияқты сипаттардың Аллаға тән екені айтылған. Дәстүршілдер бұлардың Құран сияқты жаратылмағанын, ежелден бері Оның сипаттары екенін алға тартты. Бұлар – Құдайдың танылмаған, әрқашан біздің түсінігімізден тыс қалған болмысынан бөлек сипаттар. Яһудилердің «Құдай – Дана болмыс» немесе «Тәурат дүние жаратылмай тұрып, Құдаймен бірге бар еді» деп ойлағаны сияқты, мұсылмандар да осы кезде Құдайдың адами сипаттары мәселесінде Оның толықтай адам ақылына сыймайтыны туралы көзқарасты жетілдіріп жатыр еді. Халиф әл-Мамун (813-832) Мутазила жағына шығып, олардың көзқарастарын Исламның ресми көзқарасына айналдыруға талпынбаса, бұл ойлар тек бір шоғыр адамға әсер еткен болар еді. Бірақ Халиф Мутазила көзқарасын қабылдату үшін дәстүршілдерді қыспаққа алған соң, қарапайым кісілер мұндай исламға жат әрекеттен қорқа бастады. Ахмад ибн Ханбал (780-855) әл-Мамунның қыспағынан әзер құтылды. Ол кемеңгер дәстүршіл әрі халық қаһаманы ретінде тарихта қалды. Тіпті өзін азаптаушылар үшін де дұға етті. Ханбалдың қасиеті мен харизмасы халифты жекпе-жекке шақырған кезде көрінді. Оның «Құран жаратылмаған» қағидасы – Мутазиланың шектен тыс ақылдылығына қарсы, халық наразылығының құпия сөзіне айналды. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 130 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: