13:21
Құдайтану баяны

ТАУХИД: ИСЛАМ ҚҰДАЙЫ

Яһудилердің қарсы реакциялары, бәлкім, Мұхаммед үшін өміріндегі ең көңілін қалдырған ауыр жағдай болды. Бұл жағдай оның тұтас діни көзқарасына әсер етіп, көптеген сұрақтары пайда болды. Әйтсе де яһудилердің кейбір бөлігі оған өте жылы достық қатынас танытты. Мүмкін, олар мұсылмандармен бірігуді өздеріне жоғары міндет деп санған болар. Олар Пайғамбармен Інжілді талқылап, Оған яһудилердің теологиялық шабуылдарына қарсы тұрудың жолдарын үйрететін және бұл жаңа мәліметтер Мұхаммедке өз көзқарастарын дамытуға жәрдемдесетін. Мұхаммед алғаш рет бұған дейін білмей келген пайғамбарлардың хрологиясын білді. Енді Ибраһимнің Мұса мен Исадан бұрын өмір сүргенінің қаншалықты маңызды екенін ұқты. Інжілді оқығанға дейін, Мұхаммедтің яһудилік пен христиандықты бір дін деп білуі әбден мүмкін. Олардың арасындағы қайшылықтың қаншалықты салмақты екенін, енді барынша айқын көре бастады. Сырттан бақылаушы позициясында тұрған арабтар үшін, бұл екі дін арасындағы айырмашылық болмашы ғана болып көрінетін. Тәурат пен Інжіл жолындағылардың Ибраһимнің саф діні ханифийға, раввиндердің Сөзді Қағидалары мен Үштік Құдай секілді түсініксіз түпнұсқа емес элементтерді қосып жібергенін ұғыну қисынды көрінетін. Оған қоса, Мұхаммед Көне өсетте де яһудилердің күпір халық (олардың пұтқа табынушылыққа қайтып, өгізге табынып кеткендері үшін) ретінде аталғанын білді. Барлық «ежелгі уахи жұртының» теріс жолға түскенін және табиғатында барлық діннің бір екенін табанды түрде баяндаса да, Құрандағы яһудилерге қатысты ауқымды сынның болуы – олардың дұшпандығы мұсылмандарға қаншалықты ауыр тигенін көрсетеді.

Мәдинадағы достық қатынастағы яһудилерден Мұхаммед Ибраһимнің үлкен ұлы Исмаилдің да өмір тарихын естіп білді. Библия бойынша, Ибраһимнің тұңғышы – күңі ажардан туады. Исхаққа жүкті кезінде қызғанышқа бой алдырған Сара күйеуінен күңді қуып жіберуді талап еткен. Құдай ибраһимді жұбатып, Исмаилдің да үлкен бір халықтың түпатасы болатынын жеткізді. Арабиядағы яһудилер Інжілдегі баяндарды жергілікті аңыздармен толықтырып, Ибраһим Ажарды Исмаилмен бірге Мекке аңғарына апарып тастайды дейді. Ол жерде Құдай солардың қамын жасап: жаңа туған нәресте шөл қысып, өлер шаққа таяғанда, ол бұларға қасиетті Зәмзәм бұлағының көзін ашты деп баяндады. Кейін Ибраһим бірнеше рет баласына келді және екеуі бірге, бір Құдайдың алғашқы қасиетті үйі – Қағбаны қайта тұрғызды. Исмаил араб халқының атасы болды. Бұл олардың да яһудилер сияқты ибраһимнің ұрпағы екендерін білдіреді. Бұл қисса Мұхаммедтің құлағына әдемі әуездей естілді. Ол арабтарға Киелі кітапты ана тілінде жеткізіп келеді және енді дінін де аталарының қасиетімен байланыстыра алады. 634 жылдың қаңтарында мұсылмандар мен яһудилердің ешқашан табыспайтындары анық белгілі болған кезде Алланың жаңа діні өзінің толықтай тәуелсіздігін жариялады. Мұхаммед мұсылмандарға жүздерін Құдысқа емес, Қағбаға қаратып құлшылық қылуды бұйырды. Құбыланың ауысып, географиялық бағыттың өзгеруі – кейінірек Мұхаммедтің ең батыл һәм жасампаз қадамы ретінде бағаланды. Құлшылықта жүздерін ежелгі екі уахимен еш байланысы жоқ Қағбаға бағыттай отырып, мұсылмандар үнсіз ғана өздерінің дәстүрлі діндердің біріне де қатысы жоқ екенін және тек қана бір Құдайға құлшылық ететіндерін негіздеді. Олар – бір Құдайлық дінді қиратып, жауласушы топтарға бөлген бұзықтардың сектасы емес. ислам, керісінше, иман еткендерді ең алғашқы муслим, Құдайға шын беріліп, Оның құрметіне қасиетті үйді соққан Ибраһимнің түпкі дініне қайтарады.

«Нағыз тура жолды тапқыларың келсе, яһудилердің немесе насарлардың жүрген жолына түсіңдер», - деді олар. – «Жоқ, біз (Құдайға) шын берілген (ханифа) Ибраһимнің дініндеміз. Ол еш уақытта да (Жаратқан Иемізге) серік қоспаған!» - деп айтқын оларға, (уа, Мұхаммед). (Ей, иман келтіргендер), оларға және де былайдеп айтыңдар: «Біз Аллаға және бізге түсірілген ақиқатқа иман келтіреміз. Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Жақып және оның ұрпақтарына түсірілгенге, Раббылары тарапынан Мұса мен Исаға және басқа да пайғамбарларға берілген (ақиқи кітаптарға) сенім білдіреміз. Біз олардың ешқайсысын да бөле жармаймыз. (Бір Аллаға) ғана бойсұнамыз».

Әрине, адамдар жорамалдап жасап алған ақиқатты, Құдайды ұмыту – нағыз пұтқа табынушылық. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 125 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: