19:22
Құдайтану баяны

ТАУХИД: ИСЛАМ ҚҰДАЙЫ

Исламда көбінесе Жәбірейіл періштені Құдайды адаммен тілдестіретін Киелі Рухпен теңестіреді. Бұл біз үшін бәрін қамтитын, барлық жерден табылатын, одан жасырыну мүмкін болмайтын періштенің сүйкімді бейнесі еді. Мұхаммед адамның үрейін ұшыратын Құдайдың беймәлім Құдайдың құдіретті таңғажайып ақиқатын басынан кешіреді. Яһуди пайғамбарлары бұл құдіретті қаддаш деп атайтын. Мұнымен бетпе-бет келгенде, ежелгі яһудилер де бейне бір жан тапсратындац, өте күшті физикалық және психологиялық толқуды бастан өткеретін. Бірақ Исайя мен Иеремиямен салыстырғанда, Мұхаммедтің мұндай сәтте көңілі орнығатындай және оған көмек боларлықтай, қалыптасқан дәстүрі жоқ болатын. Қорқынышты тәжірибе күтпеген жерден басына тап болды да, не істерін білмей қалды.

Жан шыдатпас күйзеліс хәлінде Мұхаммед жұбайы Хадишаға жетіп келді. Бойын үрей билегені соншалық – дірілдеген күйі еңбектеп барып оған тығылады. «Үстімді жап! Үстімді жап!» деп, жан даусы шыға әйелінен иләһи жаратылыстан арашалап алуын тіледі. Алғашқы үрей кішкене басылған сәтте, Мұхаммед болған жайды Хадишаға айтып: «Мен мәжнүнге ұқсаймын ба?» - деп сұрады. Әйелі оған дереу: «Сен туыстарыңа қамқорсың. Сен кедей-кепшік пен жоқ-жітікке көмекетсіп, олардың ауыртпалығын көтерісесің. Сен жұртымыз жоғалтқан игі қасиеттерді қайта тірілтуді армандайсың. Сен – қонақжайсың, қиындыққа душар болған барша адамға көмектесесің. Жоқ, жаным, олай болуы мүмкін емес!» - деп көңілін орнықтырды. Құдай бұлай жөнсіз іс жасамайтын. Хадиша өзінің христиан және Інжілді оқитын немере бауыры Барақа ибн Нәуфалға барып, ақыл-кеңесін алуға кеңес береді. Барақада еш күмән тумады: Мұхаммедке Мұса мен басқа да пайғамбарлардың Құдайынан уахи келген еді, Мұхаммед арабтар үшін Алланың жіберген елшісіне айналды. Пайғамбардың өзі бұған бірнеше жыл өткеннен кейін соң ғана көз жеткізді, содан кейін құрайыштарға ізгі хабарды олардың ана тілінде жеткізе бастады.

Інжілде баяндалғандай, Синай тауында мұсаға уахи болып тұтасымен түскен Тәуратпен салыстырғанда, Мұхаммед Құранды бір сөзден соң – бір сөзді, бір аяттан соң бір аятты 23 жыл бойына бөлек-бөлек алып тұрды. Уахи алу бұрынғыдай оны ауыр азапқа салатын. Қартайған шағында Мұхаммедтің өзі: «Мен уахиды алған кезде бейне бір жанымды суырып жатқан сияқты сезімде едім. Дәл солай азапқа түспеген кезім жоқ» деп есіне алатын. Құдайдың уахиларына өте мұқият құлақ түрмесе, болмайтын еді және уахи оған әрдайым анық және сөз қалпында келмейтін болғандықтан, оның маңызы мен мәнін дәл ұғыну үшін жанталасатын. Кейде оған уахи мазмұны анық болатын: «Жәбірейілді анық көріп, оның не дегенін анық естідім» дейтін. Енді кей сәттері мағынасы түсініксіз уахи оны азапқа салатын. Кейде уахи қоңыраудың талмаусырап жеткен үніндей, құлаққа әрең шалынатын: «Мен үшін ең қиын сәт осы еді. Ал уахиды түсініп болам дегенше, иләһи әуез әрең естіліп жататын». Классикалық кезеңнің алғашқы өмірбаяншылары Пайғамбарды «көбінесе өз рухына мұқият құлақ түретін» деп жазады, бір қазіргі кезде оны «түпсанаға» үңілу деп айтуымыз керек шығар. Бұл құбылыс – шабыт қысқан шайырдың өлең «тудырар» сәттегі, санасының түбінде шөгіп жатқан шумақтардың айқын санаға қалқып шыққан сәтін еске салатын сияқты. Шумақтардың сыртқа шығар заматтағы қуаты мен айқындығы құпия, тысқары бір күштің әсерін көрсететін секілді. Құранда Құдайы Мұхаммедке, Уордсуорттың «әрекетсіз кемеңгерлікпен» деп айтқанындай, үзік-үзік жететін уахи сөзін асықпай, мұқият түрде ден қоя тыңдауды бұйырады. Ақиқаттың мағынасы ашылар уақыты келгенше, сөздерді түсінуге қиналып немесе кейбір ұғымдарға асығыс талдау жасаудың қажеті жоқ:

«(Уа, Мұхаммед! Құран аяттары түсіріліп тұрған кезде) жаттап алуға тырысып, тіліңді безей берме. Шын мәнінде, оны сенің көкірек сарайыңа салып жаттату – Біздің ісіміз. Біз оны саған оқыған кезде оқылуын тыңдап, сөздерін қайталап, ьізге ілескейсің. Ал мағынасын ұқтыру – Біздің міндетіміз».  (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 139 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: