10:50
Құдайтану баяны

ПҰТҚА ТАБЫНУШЫЛАРДЫҢ ОЯНҒАН ҮМІТІ

Христиандық IV ғасырдың соңында «Әрекеттер» тізіп шыққан жерлерде күшейе бастайды. Ол «құдайдан қорқушылар», яғни прозелиттер көп келетін еврей диаспораларындағы синагогаларда да тамыр жаяды. Павелдің реформаланған яһудилігі көптеген ескі мәселелерді шешкен сияқты болды. Өйткені адамдар әлі «өз тілдерінде сөйледі». Олар көзқарастарын бір араға жұмылдырып, бірізді бола алмады. Диаспора еврейлерінің көпшілігі Иерусалим Ғибадатханасын – жануарлардың қанына боялған білімсіздік пен тағылықтың ғимараты деп есептеді. Бізге осы пікірді «Апостолдар әрекеттері» еврей-эллинист Стефан тарихы арқылы жеткізді. Кезінде Иса сектасына өтіп, Құдайға ол тіл тигізгені үшін еврей көсемдер кеңесі – Синедрион шешімімен таспен атқыланып, өлтірілген болатын. Өзінің өлім алдындағы әсерлі сөзінде Стефан: «Ғибадатхана – Құдайдың өзінің табиғатын қорлау», - дейді, - «Ұлы Құдай қолмен соғылған ғибадатханаларда өмір сүрмейді». Еврей диаспорасының көптеген мүшелері бұрынғыша, ғибадатхана қирағаннан кейін раввиндер құрастырған талмудтық яһудилікті мойындайды. Басқалары болса, «христиандық – Тәраттың мәртебесі мен яһудиліктің әмбебаптығы жайлы көптеген ішкі ізденістеріне жауап береді» деп есептеді. Жаңа сенім «құдайдан қорқушыларды» еліктірді, өйткені бұл ауырпалығы зор 613 мицвотсыз-ақ Жаңа Израилдың толыққанды азаматы бола алу үмітін оятты.

Бірінші ғасырда христиандар Құдай туралы пайымын жалғастырды және оған шын яһудилер сияқты сиынды. Раввиндермен бір деңгейде пікірталас құрды. Олардың шіркеулері синагогалардан қатты ерекшеленбеді. Алайда 80-жылдары, Тәуратты ұстанбағандары үшін христиандарды синагогалардан ресми түрде қуып шыққан кезде, олардың яһудилермен даулар күшейеді. Б.д. алғашқы онжылдықтарында яһудилікті таңдағандар аз болмады. Бірақ 70 жылдан кейін еврейлер мен римдіктер арасында қақтығыс басталғанда, сенімдері әлсірей бастайды. «Құдайдан қорқушылардың» көп жағдайда христиандарға қосылуы прозелитизмнен жеруіне және өтініш бірдіргендерге менімсіздікпен қарауына итермеледі. Алғашқыда иудаизмге еліге қараған пұтқа табынушылар енді христиандыққа өте бастайды, әйтсе де олардың көпшілігі құлдар және төменгі тап өкілдері болды. Басқа діндерге сенген білімді адамдар христиандықты ІІ ғасырдың соңында қабыладай бастайды. Дәл солар сенімсіздікпен қараған пұтқа табынушылар арасында жаңа діннің қағидаларын түсіндіре алды.

Рим империясында христиандықты, алдымен, яһудиліктің бір тармағы деп есептеді. Бірақ христиандар синагогаларға бас сұқпай қойғаннан кейін, оларға жақтырмай қарайтын болды. Әкелердің сенімінен бас тартуды римдіктер үлкен күнә деп есептеді. Ал сектаның өзіне діни фанаттар деп қарады. Римде консерватизм моральдық идеал деп бағаланды. Аталар ғұрпы және отағасының беделі үлкен құндылық саналды. «Прогресс» - деп болашаққа ұмтылыс емес, өтіп кеткен алтын ғасырға бет бұруды айтамыз. Біздің өзгеріске негізделген қоғам өткеннен саналы бас тартуды үлкен шығармашылық потенциал көреді. Бірақ римдіктер кез келген жаңалықты қауіпті, тіпті өлімге душар етеді деп ойлады. Дәстүр құрсауын бұзып шыққан кез келген бұқаралық қозғалысқа да үлкен сенімсіздікпен қарады. Сол себептен Рим діни «көзбояушылықты» қатал қадағалады және қол астындағыларды олардан қатты қорғаштады. Бәрібір империяны үрей мен қанағатсыздық рухы кезіп жүді. Көпұлтты алып империядағы өмір салты көне құдайларды бұрынғы ұлылығы мен күшінен айырды. Ендігі жерде адамдар бөтен, түсініксіз мәдениеттерге сезіктене қарады. Жаңа рухани шешімдер керек болды. Дәл осы кезде Еуропаға Шығыс мәдениеті ене бастайды. Исида мен Селмелде дәстүрлі рим құдайларымен бірге, мемлекеттік құрылым символдарына сиынды. Б.д. І ғасырдың өн бойында азаптан құтқаруды және арғы әлем туралы ақиқат білім таратуды уәде еткен жаңа секталар пайда болады. Алайда жаңадан келіп шыққан діндердің біреуі де ескі тәртіптерге сескөрсетпеді. Шығыс құдайлары өздеріне ғана назар салуды талап етпеді және бұрынғы ғұрыптарға қайшы келмеді. Олар әулие іспетті әлемді жаңаша көруге шақырды, оның кеңшілігін сезінуді жаңалап отырды. Ұраны: «Кез келген культке қосыл, кез келген Құдайды дәріпте!» Жатжұрттық дін әдеттегі құдайларға қауіпті болмайынша және өзіне ерекше назар аударуды талап етпейінше, билік оларға төзімділікпен қарады және әдепкі өмір салтына оңай бейімдеді.

Ол дәуірде діннен азапты сары уайымға салыну және өмір мәнін түсіндіру талап етілген жоқ. Мұндай қажеттіліктер философияға қатысты болды. Кейінгі антика дәуірінде Рим империясына қарасты жұрттар қиындықта жәрдем алу және қайырым көру, өткенмен байланысты сезіну үшін құдайларға сиынды. Дін теологиядан емес, культтер мен рәсімдер арқылы көрінді. Ол идеология немесе ақылмен қабылданған теорияға емес, сезімге негізделді. Мұндай қатынас бүгін де кездеседі. Қазір ғибадатқа барып жүргендердің көбі теологиялық мәселелермен бастарын қатырмайды. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 134 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: