17:43
Құдайтану баяны

ПҰТҚА ТАБЫНУШЫЛАРДЫҢ ОЯНҒАН ҮМІТІ

Павел филиппийлік шіркеуге үндеуінде, біріншіден, христиандық гимн саналатын сөздерді айтады. Онда бірқатар маңызды мәселелер көтерілген. Ең алдымен, апостол дінге жаңа келушілерге, Иса сынды өзін құрбан етуге дайын болу керектігін түсіндіреді:

«Ол Құдай бейнесі бола тұра,

Өзін ешқашан Құдайға теңесеген,

Бірақ Өзін-Өзі төмендетті.

Құлдың кейпін қабылдап,

Адамға ұқсатылды да,

Бейнесі адам сияқты болды.

Өөліміне дейін де, өлім кезінде де

Момақанболып өзін кішік етті.

Сондықтан Құдай Оны жоғары алып,

Оған ең жоғары дәреже берді.

Иса аты аталғанда аспандағы, жердегі және

Тозақтағылардың барлығы бағынсын.

Және әр тілде Иса Құдайдың

Әке Құдай даңқы үшін тірілгені уағыздалсын».

Бұл гимнде алғашқы христиандар арасында Исаның «Құдайда» о бастан бар екенін, кейін ғана «өзін-өзі жою» (кенозис) арқылы адам болғанын, яғни бодхисаттвалар сияқты, қарапайым адамдармен азаптарын бөлісуге шешім қабылдағаны бейнеленген. Павелдің ойлау жүйесі иудаизмге бейімделгендіктен, ол Мессияны YHWH-пен бірге, мәңгі бар Құдайдың екінші Жүзі деп қабылдай алмады. Гимн мәтінінде айтылғандай, аспанға көтерілгеннен кейін де, Иса Құдайдан ажыратылып көрсетілген және Құдай оны ұлықтап, Кириос атағын бергенмен, Оған қатысты алғанда, Иса төмен деңгейде орналасқан. Бұл есімді Мессия өзі алмаған, бұл есім оған «Әке Құдайдың даңқы» үшін берілген.

Шамамен қырық жылдан кейін, 100 ж. шамасында дәл осы тұжырымды Иоанн Інжілінің асторы қайталайды. Ол кіріспесінде «басында Құдайда» болып, жарату құралына айналған Сөз (логос) туралы баяндайды: «Барлығы сол арқылы бола бастады. Онсыз қазір болып жатқанның бәрі де болмас еді». Логос деген грек ұғымының астары – евангелист Филонның айтпақ болған мағынаны беріп тұрған жоқ. Мәтін желісіне қарасақ, авторға эллиндік яһудилік жақын болған. Көне еврей мәтіндерінің таргум деп аталған арамей тіліндегі аудармаларында Метга термині – Құдайдың жердегі әрекетін білдірген. Негізінен, ол – «даңқ», «Киелі Рух» немесе Шехиналар сынды, байырғы категориялардың мәнін білдірді, яғни біздің әлемдегі құдайлық көрінісі мен танылмайтын Құдайдың Өзінің болмысы арасындағы айырмашылықты сездірді. Құдайлық Даналық секілді, «Сөз» де Құдайдың жаратушылық сипатын аңғартты. «Иса әлемнен бұрын болған» дегенді айтқан Павел мен Иоанн, Үштік туралы ілімде айтылғандай, оның екінші құдайлық «жүзі» болған дегенді айтпаған. Апостолдар Мессияның жалған өмірден және болмыстың тұлғалық деңгейінен жоғарылағанын айтқан. Исада көрінген «күш» пен «даналық» Құдайдың Өзін білдіргендіктен, Мессия бейнесімен, шынында да, «о бастан барды» бере білді.

Осыған ұқсас идеялар яһудилік контексіне тура сәйкес келеді, бірақ грек ойымен тәрбиеленген кейінгі христиандар оларды басқаша түсіндірді. Б.д. 100-жылға дейін жазылмаған «Апостолдар әрекеттері» - алғашқы христиандарда таза яһудилік түсініктердің сақталғанын көрсетті. Тәураттың жылдық тойын тойлауға, барлық диаспоралардан «Елулікке» келген жүздеген еврейлер Иерусалимге жиналғанда, Иса шәкірттеріне Киелі Рух түседі. Олар «кенеттен аспанда буырқанған күшті желді дауылдың шуылы шығып... отқа оранғандай бөлек-бөлек тілдердің оларға жақындағанын» естиді. Киелі Рух алғашқы христиан еврейлерге, олардың замандастары таннаимдарға ашылғандай, ашылды. Мессияның шәкірттері бірден көшеге шығып, жиналған еврейлер мен Месопотамия, Иудея және Каппадокия, Понт пен Асия, Фригия мен Памфилия, Мысыр мен Киринейге жататын Ливия жерлерінен келген «құдайдан қорқушыларға» уағыздарын айта бастайды. Барлығын апостолдардың әр тыңдаушымен ана тілінде сөйлеген сияқты көрінуі таңғалдырды. Петр кейін жиналғандарға бұл кереметті яһуди дінінің салтанаты деп танытады. Бір күні Құдай Рухын адамдарға құйып, әйелдер де, құлдар да бұл көріністерді көріп, «көрген түстерінен ақылға сай болады» дегенді пайғамбарлар болжап кеткен. Осы күн Мессия Патшалығының құрылғанын білдіруі керек болды. Бұл кезде Құдай Өзхалқымен бірге өмір сүруді бастайды. Петр Иса Назорейдің Құдай болғанын растамайды, тек мына сөздерді қайталайды: «Ол – Құдай күштерімен, кереметтерімен және көріністерімен кәуландырылған адам. Осыларды, өздерің білетіндей, арамызда болған сол адам арқылы жаратқан». Исаның азапты өлімінен кейін, Құдай оны тірілтті және Өзінің жанындағы жоғары орынға көтерді. Бұл оқиғаларды пайғамбарлар мен псалм (діни өлең) шығарушылар көрегендікпен білдірген, сондықтан «барлық Израил үйі» Исаның көптен күткен Мессия екеніне күмәнданбаса да болады. Соған қарағанда, Петрдің сөздері ерте дәуір христиандарының басты хабары (керигма) болды. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 151 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: