19:16
Құдайтану баяны

ПҰТҚА ТАБЫНУШЫЛАРДЫҢ ОЯНҒАН ҮМІТІ

Гректер: «Иса құдайлық «күштер» тек өзі арқылы көрінетінін ешқашан айтпаған» деп ескерткен. Керісінше, ол шәкірттеріне «сенім» болса, «күш» те болатынын үнемі еске салып отырған. Ол «сенім» астарында барлық теологиялық талдауларды емес, ішкі көңіл күйді – Құдай жолына өзін толық арнау мен ашылу жолына тәрбиелеуді түсінген. Кез келген адам өзін толығымен Құдайға тапсырса, Иса жасағанды жасай алады. Раввиндер сияқты, Иса, Рух сирек таңдаулыларды емес, барлық мейірбан адамадрды қолдайды деп аанған. Кейбір үзінділерді: «Иса, көптеген раввин сияқты, Рухтың гойимға да ене алатынын терістемеген» деп жорамалдайды. Бастысы – «сену», сонда ғана әркім одан да көп кереметті: жындарды шығарып, күнәларды кешіруді ғана емес, сондай-ақ тауды көтеру және оны теңізге тастауды да жасай алады. Шынайы сенген адам, өзінің адами әлсіздігі мен пәнилігі, Мессия Патшалық әлемін толтырып тұрған Құдайдың әрекетшіл «күштерінің» арқасында түрленетін сезінеді.

Иса өлген соң, шәкірттері оның қайткенде де, Құдайға ұқсастығы бар деген сенімдерінен арылғысы келмеді. Оған бірден табына бастайды. Әулие Павел Құдай күштерінің пұтқа табынушылар үшін де қолжетімді екеніне күмән келтірмейді де, Інжілді Македония, Грекия және қазіргі Түркия жерлерінде уағыздайды. Ол Жаңа Израилға Мұса өсиеттерін толық орындайтын еврейлерден басқалары да, кіре алатынына сенімді болды. Бұл Исаның жақын шәкірттерінің ызасын туғызады, олар мкйлінше шектеулі, таза яһулік секта құрғысы келеді де, қызу таластан кейін, Павелді шәкірттерінің көбі диаспора еврейлерінен құралып, «құдайдан қорқушылар» болғандықтан, Жаңа Израил таза яһудилік болып қала берді. Павел Исаны «Құдай» деп атаған емес, «Құдай ұлы» дегенде де, таза яһудилік мағынаны санаға тұтты, соған қарағанда апостол Исаны Құдай санамаған сыңайлы. Павелдің ойынша, ол тек Құдайдың «күштері» мен «Рухына» ие болды, бұлар арқылы Құдай жердегі істерді атқарды және оларды танылмайтын құдайлық болмысқа теңеудің еш қажеті жоқ еді.

Христиандыққа жаңа кірген пұтқа табынушылар әлемін, әрине, бұл мәселелер толғандырған жоқ, уақыт өте берді, бар күшімен өзінің әлсіздігі мен пенде екенін айтқан керемет көрсетушінің бәрін – Құдай етіп тынды. Құдайдың Адамға айналуы доктринасы да иудаистерге ұнамсыз көрінетін, кейіннен исламда да бұл дінбұзарлық деп танылды. Ойдан шығарылған «адамға айналу» идеясы бірқатар қауіпті ішіне бүкті, оның үстіне, христандар оны тіпті сол күйінше қабылдады. Дегенмен діндер тарихында «Құдайға айналғандарға» табыну үйреншікті іс болатын.

Исаның таңғаларлық Құдайға айналуын алдын ала шешкен діни пәрмен – дәл осы кезде жер бетінің басқа бөлігінде орын алған оқиғалар тізбегімен танысқан соң, түсініктірек болады. Индуизм мен буддизмде Будда сынды жоғары болмыстарға сиыну немесе дәстүрлі индуистік құдайларға айналу «адам кейіпті» діндерге деген үлкен ынтасымен түсіндірілді. Дегенмен екі үнді дініндегі әуелгі ереженің айқын түрде өзгеріске түсуі – екеуінде де түпкі сеніммен қиындықсыз үйлесті, өйткені оның басты қағидаларын қабылдады.

Будда б.д.д. VI ғасырда өлді де, адамдар ол туралы естелік қалдырғысы келді, бірақ мүсіндер мен бейнелер орынсыз көрінді. Өйткені Көкірек Көзі Ашылған (Нұрланған) нирванаға енгенде, әдеттегі мағынасында «тіршілік» етпеді. Соған қарамастан, адамдардың Буддаға деген сүйіспеншілігі арта берді және Оның Көкірек Көзі ашылған адамзат туралы пайымдарына қатты ұйығаны соншалық – б.д.д. І ғасырда Үндістанның солтүстік-батысындағы, Гандхара мен Джамна өзенінің бойындағы Матхурада алғашқы мүсіндерін қоя бастады. Адамның өзінен тысқары болмысқа сиынуы – Гаутама уағыздаған ішкі тәртіптен мүлде бөлектеніп тұрғанмен, мұндай тас бейнелердің әсерлендіргіш қуаты – Будданың рухани ілімінде басты маңызды иемденді. Әйтсе де барлық діндер өзгереді және дамиды, әйтпесе ескіруге бет алады. Буддистердің көбі бхактиді өте жоғары бағалайды, өйткені осы тәртіп ұмытыла жаздаған көптеген терең ақиқатты сақтап қалды. Көкірек Көзі Ашылған тұста Будданың нирванада қалып қойғысы келгенін еске түсірейік, бірақ азап шегіп жатқан адамзатқа деген жанашырлық – оны біздің әлемде өз Жолын уағыздап, тағы қырық жыл қалуға итермеледі. Алайда б.д.д. І ғасырда буддалқ монахтар мұны ұмтықанға ұқсайды: олар өздерін әлемнен жырақта ұстап, нирванаға жетуге ұмтылды. Оның үстіне, сонахтардың өмір салты өзінің қиындықтарымен қорқынышты болды, көпшілік қолдарынан келмейтінін сезді. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 138 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: