16:31
Құдайтану баяны

БІР ҚҰДАЙ

Шехина бейесі қуылғандарға Құдайды бар нәрседе көре білу сезімін тәрбиелеуге көмектесті. Кейбір раввиндер «өзге елдерде Шехина синагогадан-синагогаға ауысып жүр» десе, басқалар «ол ғибадатхана қақпасында тұрып, Даналық үйінің табалдырығын аттаған ә еврейдің қадамына қасиет дарытады» деп айтты. Сонымен бірге еврейлер хормен Шеманы айтқанда, Шехина синагога есігінде тұрады. Алғашқы христиандарға ұқсап, раввиндер «бір тән және бір жан» секілді қауымға бірігіп, өмір сүруге үндейді. Жаңа қауымның өз жаңа Ғибадатханасы болып, Құдайға мадақ айтты. Иудаистер синагогада жиналып, бірігіп Шеманы «қызу, бір ауыздан, бір оймен және бір дауыспен» қайталағанда, Құдай солардың арасында болды. Бірақ Ол қауымдағы араздықты жақтырмады, бұл нәрсе орын ала қалған жағдайда Ол аспанға қайта оралатын, ол жерде Оған періштелер әу бастан «бір дауыспен және бір әуезбен» мадақ айтатын. Жер бетінде израилдықтар бірлігін сақтағанда ғана Құдай израилмен тығыз байланыс орнатады деп үміттенуге болатын. Раввиндер бірнеше еврей жиналып, Тәуратты меңгерсе, сол жерде Шехина пайда болады дегенді тынбай қайталайтын.

Қуғында жүрген еврейлер қоршаған ортаның қатыгездігін барынша сезінді, бірақ Шехинаның арқасында, қайырымды Құдайдың жақын маңда екенін түйсінетін. Иудаистер сол қолы мен маңдайына дұға жазылған қағаз салынған тері тұмарды (тфиллин) байлап қоятын, киімдеріне ғұрыптық шашақ (цицит) тағатын және «Қайталанған заңда» міндеттелгендей, үйдің есігінің үстіне Шема мәтінін шегелеп қоятын. Мұндай әдеттен тыс ғұрыптарға ешкім назар аудармауы керек болды, өйткені талқыға салу олардың қасиетті мәнін жойып жіберетін еді. Оның орнына, мицвотты ғұрыптың өзі Құдайдың сүйіспеншілік сезіміне ұласып кетерліктей етіп орындау қажет болды: «Израилды жақсы көреміз! Інжіл оны көптеен мицвотпен баурайды: қолы мен басында – тфиллин, киімді – цицит. Бұл белгілер патшалардың жұбайларына сұлулықтарын одан әрі асыру үшін ұсынатын қымбат сыйлықтарына барабар болды. Бірақ барлығы бірдей оңайға соққан жоқ. Талмұдқа үңілсек, біздің сүреңсіз әлемімізде Құдайға деген сенім бір нәрсені өзгерте алады дегенге кейбіреулер күмәнмен қараған. Раввиндердің рухани көсемдігі қалыпты жағдайға айналды. Бұл Иерусалимнен қашқандар ғана емес, бар өмірін өзге елде өткізген еврейлер арасында да бекіді. Қисынды теориялық дәлелдер соншалықты маңыз атқара алмады, өйткені Мұса заңының көптеген практикалық нұсқауларының логикалық мәні жоқ еді. Раввиндер дінінің қабылдануының себебі – оның әрекетке жетелеп, уайымның тұңғиығына түсіп кетпеуге көмектескенінде.

Алайда руханилықтыңң бұл түрі тек ерлердің еншісіне бұйырды. Әйелдерге раввин болуға, Тәуратты зерттеуге және синагогада ғибадат жасауға ұсыныс білдірілмеді, былайша айтқанда, рұқсат етілген жоқ. Сол уақыттың көптеген идеологиясы секілді, Құдайға сенім де патриархалды сипаттарға ие бола бастайды. Әйелдердің діни міндеттері үйде ғұрыптық тазалықты сақтаумен шектелді. Еврейлерге ұлы болмысты ажырата алуды білдірді, сондықтан олар осы әдетіне басып, асханада сүтті еттен алыс ұстағандай, әйелдер мен ерлердің төмен қарай ысырып қоюды аңғартты. Раввиндер «Құдай әйелдерді айрықша жарылқады» деп айтқанмен, таңғы құлшылықтың кезінде ерлерге, Құдай оларды пұтқа табынушы, құл немесе әйел етіп жаратпағаны үшін, ризашылық білдіруі керектігі міндеттелді. Бірақ, не десе де, неке мен отбасы қасиетті нәрсе саналды. Еврейлер некенің киелілігін кейде қате ұғынылатын қағидалармен бекітті. Мысалы, хаыз уақытында жыныстық жақындыққа тыйым салу – әйелдер бұл күндері былғанышты және ұнамсыз болады-мыс деумен түсіндірілмеді. Қысқа мерзімдік тыйылу еркек махаббатын нығайтуға кетіп, одан суынуы мүмкін, сондықтан Тәуратта былай делінген: жеті күн (хайыз уақытында) әйел нидда (жыныстық қатынастарға қолжетімсіз) болуы керек, сонда күйеуі оған алғашқы неке күніндегі секілді құштар болады. Мереке күндері синагогаға барар алдында ерлерге ғұрыптық шайыну қажеттігі жазылған. Бірақ бұлай ету – дененің ластығы себебінен емес – қасиетті ғибадат алдында ерекше таза болу үшін көзделді. Дәл осындай мақсатты әйелге де хайыздан кейін шомылу міндеттелді, осы арқылы өзін күйеуімен киелі кездесуге әзірледі. Жыныстық қосылулардың қасиеттілігіне қатысты мұндай идея христиандыққа мүлде жат болды: онда көбінесе «тән рақаты мен Құдай ұғымы өзара үйлеспейді» делінді. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 163 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: