20:54
Құдайтану баяны

БІР ҚҰДАЙ

Кез келген ресми доктрина Құдайдың тылсым құпия екенін жоққа шығармайды. Раввиндер әрдайым Құдайдың мүлде танылмайтынын атап өткен. Құдай жұмбағына Мұса да бойлай алмаған. Ал Дәуіт патша өзінің құдайды тануға бағытталған әрекеттерінің сәтсіз болғанын мойындаған: Ол адам санасынан мейлінше жоғары. Еврейлерге тіпті Оның атын атауға тыйым салынды. Бұл – Құдай болмысын тануға бағытталған кез келген әрекетке сәтсіз болу жазылғанының тағы бір ескертпесі. Құдай атын YHWH түрінде жазды және киелі мәтіндерді оқығанда атамайтын. Қоршаған ортадағы Құдай әрекеттеріне тандануға болады, бірақ раввин Хуна айтпақшы, бұл ақиқаттың бір сәттік көрінісі ғана.

«Адамның найзағай, боран, дауыл, ғаламның болмысы мен тәртібін ұғынуға күші жетпейді. Ендеше, Патшалардың Патшасының ақиқатын тануға деген ұмтылысы көзсіз батылдық емей не?». Құдай идеясының мәні жайлы жауап табуға емес, бүкіл болмыстың құдіреті мен құпия екені сезімін ояту ғана қалады. Раввиндер израилдықтарды тіпті дұғаларында жиі мақтамауға шақырды, өйткені мақтау сөздер ақиқатты бұзады.

Алайда бұл арғы әлем, танылмайтын болмыс қарапайым әлеммен қандай жолдармен байланысқан? Раввиндердің бұған берер жауабы қисынсыз: «Құдай – әлемнің тұрағы, бірақ әлем Оның тұрағы емес». Былайша айтқанда, Құдай әлемді өз ішіне алады, қамтиды, бірақ Өзінің жаратқан болмысы сынды әлем ішінде бола алмайды. Раввиндердің мынадай тағы бір сүйкті теңеуі болды: Жан тәнге енгендей, Құдай әлемге енеді: жан – тәннен, Құдай әлемнен жоғары. Сондай-ақ Құдай шабандозға ұқсайлы деп те айтылатын. Ол аттың үстінде отырғанмен, ішінара астындағы жануарға тәуелді, бірақ аттан ақылдырақ және оның тізгінін өз қолында ұстайды. Бұл, әрине, шала-шарпы және ақиқаттан алыс теңеулер, өйткені біздің қиялымыз өзіміз өмір сүріп, әрекет етіп отырған ортада ұшы-қиыры жоқ, айтып беруге тіл жетпейтін «бір нәрсенің» болуы туралы болжамдар ғана құра алады. Інжіл авторларф секілді, раввиндер де Жаратушының жердегі ишараты туралы айтқанда, Құдайдың танылмайтын киелі болмысының мүмкіндік берген шегіндегі із-белгілерін аса мұқияттылықпен ажырататын. Олар «даңқ» (кавод), тетраграмматон (YHWH) және Киелі Рух бейнелерін қолдануды дұрыс көрді. Бұлар іздің қабылдауымыздағы Құдайдың оның шын болмысына теңбе-тең келмейтінін үнемі есімізге салды.

«Құдай» ұғымының танымал синонимдерінің бірі Шехина (көне еврей тіліндегі шакан (біреудің) киелі шатырында болу) еді. Ғибадатханалар келмеске кеткен тұста құдайлық мейірімнің бейнесі – Жаратушы болды, ол израилдықтардың шөлдегі сергелдеңінде қапталдаса еріп отырды. Көпшілік: «Құдайдың таңдаулы халқымен бірге қалған Шехина, ғибадатханасы әлдеқашан қираса да, әліге дейін ғибадатханалық тауды мекендейді» деп пайымдады. Оған басқа раввиндер қарсылық білдірді: олардың пікірінше, Ғибадатхананың жойылуы Шехинаны Иерусалим маңынан еркіндікке шығарып, бүкіл әлемге таралуына мүмкіндік берді. Құдай «даңқы» немесе Киелі Рух сияқты, Шехина да өз алдына құдайлық болмыс саналмаған, тек Құдайдың жердегі көрінісі деп қабылданған. Өз халқының тарихына көз жіберген раввиндер Шехина еврейлермен үнемі бірге болған деген қорытындыға келеді:

«Израилдықтар Құдайдың сүйіктісі екенін кел де көр, өйткені қайда бармасын, Шехина олармен бірге болған, былай делінген: «сендер Мысырда болғандарыңда Мен әкеңнің үйінде бет-пердемді ашқан жоқпын ба?». Бабылда да Шехина олармен бірге болды, өйткені былай делінген: «Мен сендерді Бабылға жөнелттім». Жақын болашақта Израилқұтқарылғанда, Шехина бұрынғыша олармен бірге болады, өйткені былай делінген: «Сенің құдайың тұтқындарыңды қайтарады», басқаша айтсақ, Құдай сенің тұтқындарыңмен бірге оралады».

Израилдың Құдаймен байланысының тығыз болғаны соншалық – Оның бұрынғы көмектерін еске түсіріп, израилдықтар мынаны жиі айтатын: «Өзімді Сен құтқардың, Құдайым»». Сөйтіп, раввиндер яһудилік мәнде адамға тең келетін Құдай идеясын тапқандай болды – ол индуистік Атманға ұқсайды.  (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 156 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: