16:58
Құдайтану баяны

БІР ҚҰДАЙ

Біз Құдай туралы бір ғана жайтты білеміз: Ол бар. Басқа жағынан алып қарасақ, яһуди ретінде Филон Құдайдың Өзін пайғамбарларға көрсеткеніне сенген. Бұл екі нәрсені өзара қалай сыйыстыруға болады?

Филон бұл мәселенің шешімін тапты. Ол үшін Құдайдың мүлде танылмайтын болмысы усия мен философтың өзі «күштер» немесе «энергиялар» деп атаған Құдайдың жердегі әрекеттері арасындағы маңызды айырмашылықты нақты көрсетті. Жалпы алғанда, бұл Р мен «Даналық» авторының мынадай ұйғарымына ұқсайды: шын Құдайды дәл Өз қалпында ешқашан тани алмаймыз. Филонның айтуынша, Құдай Мұсаға былай дейді: «Менің Мәнім адамдық болмысты, ақиқатында, көк жүзі мен барлық ғаламды сыйдырғаннан да үлкен». Біздің ақылымыз шектеулі болғандықтан, Құдай Өзінің платондық құдайлық пішіндерге тең келетін «күштерін» қолданады (бұл мәселеде Филонды дәйектілік сақтады деп айта алмайтынымыз анық). Міне, адам түсінігі жететін бірден-бір ұлы ақиқат дегеніміз – осы. Платон мен Аристотельде Алғашқы бастаудан өріс ашқаны секілді, Филонда ол Құдайдан шығады. Әсіресе келесі екі күштің маңызы зор: Филон оларды Патшалық (ол Құдайды әлемдік тәртіп арқылы танытады! Және Шығармашылық (мұнда Құдай адамдарға сыйлайтын жақсылықтары арқылы көрінеді) деп атайды. Ьіріншісін де, екіншісін де мәңгі құпияға оранған құдайлық болмыспен шашастыруға болмайды. Құдай күштері бізге мүлде танылмайтын ақиқаттың жарқыншақтарын ғана байқауымызға мүмкіндік береді. Арасында Филон Патшалық және Шығармашылық күштермен бірігіп, Үштік сияқты ұғымды құрайтын құдайлық болмыс туралы сөйлейді. Яхве мен екі періштенің Ибраһимге Мамре емен орманына жақын жерде жолыққанына қатысты оқиғаға өз түсіндірмесін берген. Мұны «құдайлық усия (Құдай нақ Өз қалпында) мен екі негізгі күштің аллегориялық көрінісі» деп тұжырымдайды.

J-ді мұндай ойлар таңғалдырмған. Жалпы, еврейлер Филонның Құдай туралы түсініктеріне сенімсіздікпен қараған. Алайда христиандарға мұндай көзқарастардың пайдасы тиді, ал гректер болса, әрі қарай көретініміздей, танылмайтын Құдайдың «болмысы» мен бізге Өзін көрсететін «энергиялар» арасындағы айырмашылық туралы ойға қатты берілді. Оларға құдайлық Логос туралы филондық теория да қатты әсер етті. Даналық туралы кітаптардың басқа авторлары сияқты, Филон жапратылыстың әлдебір бас жоспарын құрған. Логос-жоспар Платонның кемел пішіндер әлеміне сәйкес келді. Бұл пішіндер кейіннен материалдық ғаламда жасалды. Бұл мәселеде де Филон ақырына дейін дәйекті емес: ол бірде Логосты күштердің бірі десе, бірде оны күштерден жоғары қойып, адам танитын Құдайдың үстем идеясы деп атайды. Логос туралы ойланған сайын Құдайды тануға еш жақындамаймыз, әйтсе де жаңылыс ойдың шегінен шығып, «ойлаудан жоғары және барлығынан да бағалы, өйткені басқаларының бәрі – тек қана ой» деген интуитивті түйсікке ие боламыз. Бұл әрекет платондық толғанысқа жақындайды. Филон Құдайды – Өзі сияқты ешқашан тани алмайтынымызды және өзіне ашылған ақиқат бойынша, «Құдайдың мүлде басқа әлемде екенін, Оның ақылмен танылмайтынын түсіне алады» деген пікірді растайды.

Әйтсе де мәлім болғандай, барлығы мұншалық үмітсіз де емес. Филон бізге танылмайтын әлемге енген тұста, еркіндік пен шығармашыл күштерге ие болып, қуатты сезім мен бақытқа кенелгенін баяндаған болатын. Платон сияқты, ол да адамдар жанды аластап, материалды әлем тұзағына түскен деп есептейтін. Аласталған жанның Құдайға көтерілуі сөздер мен сезімдер арқылы болған емес. Өйткені тән жанды әлемнің қапасына тартады. Ақырында, азам етілген жан рақатқа кенеліп, шексіз ақиқат көкжиектерінен асып жөнеледі. Көп жағдайда Құдай туралы пайымдар қиялдың шығармашылық ойынына айналып кете беретіні айқын болды. Өзінің толғаныстары туралы ойланған пайғамбарлар инстинктілі түрде оларды «Құдай» деп атаған болмыспен салыстырып отырған. Филонның көрсетуінше, діни толғаныстың шығармашылық әрекеттің басқа түрлерімен көптеген ортақ тұстары бар. Кей уақыттарда кітаптырмен айналысып, бір арада тұралап іші пысқанда кенеттен оның бойын құдайлық болмыс билеп алатын:

«Мен... кенеттен толып-таысп кетітінмін, ойлар жапалақтаған қар сияқты жауа жөнелетін, осындай құдайлық сезім баураған кезде менің бойымды алапат күш кернейтін, әрі қарай ештеңені байқамайтынмын – тұрған жерді де, адамдарды да, сол сәтті де, өзімді де, не айтып, не жазғанымды да. Өйткені мені әсерлер, ойлар, өмір қуанышы, тек айқын көрініс кезінде ғана көзге шалынатын өткір елестер мен заттардың жарқын бейнесі билеп алатын».

Кейін грек әлемімен осыншалық тығыз байланыс ұстау мүмкіндігінен еврейлерайырылып қалды. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 167 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: