18:51
Құдайтану баяны

БІР ҚҰДАЙ

Даналықтың табиғатына құдайлық тән емес; оны да Құдай жаратқаны ерекше сөз етілдеі. Р-дің баяндауынша, ол Құдайдың «даңқы» іспетті. Даналық – Құдай ниетінің бейнесі: ол арқылы адамдар бір сәтке болса да, заттардың мәні мен адам әрекеттерінің астарына үңіле алады. «Тәмсілдер» авторы Даналықтың (Хохма) көшелерді кезіп жүріп, адамадрды Яхвенің қаһарынан қорқуға шақырғанын әңгімелейді. Б.д.д. ІІ ғасырда Даналықтың осыған ұқсас келбетін – дініне берік, Иерусалимнің еврейі – Сирахтың ұлы Иисус жасап берген болатын. Оның баяндауынша, ол Құдай Мәжілісінде сөз сөйлеп, өз-өзіне мынадай мадақ айтады: «бір кезде ол Құдайдың аузынан әлемді жаратқан Сөз ретінде шыққан, қазір әлемнің барлық түкпірінде ол бар, бірақ бұлжымайтын тұрағы ретінде Израил халқын таңдаған».

Яхвенің «даңқы» секілді, Даналық – Құдайдың жердегі әрекетінің символы болды. Еврейлердің Яхве идеясын көтермелей отырып дамытқандары соншалық – әрі қарай Оның адам өміріне араласуын елестету қиындады. Р секілді, иеговистер де жай түсініктегі Жаратушыдан шын Құдайдың болмысын ажырата қарағанды жөн көрді. Даналықтың Құдайды тастап, әлемнің әр түкпірінен адамдарды іздеп кеткені туралы оқи отырып, пұтқа табынушылардың байырғы әйел құдайлары – Иштар, Анат немесе Исиданы еске алмау мүмкін емес, өйткені олар да құтқарушылық миссиясын атқару үшін құдайлық жеті қат көктен жерге түскен болатын. Б.д.д. 50-жылдар шамасында еврей қауымы тығыз орналасқан Александрияда Даналық туралы әдебиет пікірсайыстың өзегіне айналды. Осы қауым өкілі жазып шыққан «Сүлеймен Даналығы» иудаистердің эллиндік мәдениетке еліктегеніне қарсылық білдіріп, өз дәстүрлеріне берік болуға шақырды: «шынайы даналыққа антикалық философия емес, Құдайыдң алдындағы қорқыныш қана жеткізеді» деп ұйғарды. Автор Даналықты кейіптендіріп, оған София деп грекше ат қояды және оның яһудилік Құдайдан бөлек емес екенін дәлелдейді:

«Ол – Құдай құдіретінің тынысы және

Ұлы Жаратушы мәртебесінің таза ағыны:

Лас нәрсеге онда орын жоқ.

Ол – мәңгі жарықтың шұғыласы және

Құдай әрекетінің таза айнасы мен

Оның шапағатыныі бейнесі».

Исаның табиғатын талқыға салған тұста, христиандар үшін бұл үзінді де айрықша маңызға ие болды. Әйтсе де еврей авторы Софиядан ьанылмайтын Құдайдың адамға жарым-жартылай ашылатын бір қырын ғана көрді. Осылайша, адамға ашылатын жағынан қарасақ, ол – құдды бір Құдай, яғни ақылымыз шын құпия болмысына еш уақытта жете алмайтын ұлы ақиқатты қабылдауымыздың көрінісі.

«Сүлеймен Даналығы» авторы грек ой-пікірі мен еврей сенімі арасында өршіген алауыздықты көрегендікпен байқаған. Біз бұған дейін өзі жаратқан ғаламды көзге ілмейтін аристотельдік Құдай мен адам өміріне қоян-қолтық араалсатын тәураттық Құдай арасындағы, бәлкім, ең ымырасыз қайшылық турасында айтқанбыз. Грек Құдайына ақылдың күші жетеді, ал тәураттық Құдай Өзін тек көріністер арқылы танытады. Яхве біздің әлемнен түпсіз шыңыраумен бөлінген, ал гректер адамдар ақылға иелік етуінің нәтижесінде Құдайға ұқсайды, сондықтан Ол шын ықылас танытқан жағдайда қолжетімді болады деп ойлады. Соған қарамастан, грек философиясын қатты ұнататын Бір Құдай жақтастарының өзі әркез өиялдағы Құдайды меншікті Құдайына айналдыруға ұмтылған. Бұл бағытта алғашқы қадамды, бәлкім, көрнекті яһуди ойшылы Филон Александрийский (б.д.д. 30 ж. шамасы – б.д. 45 ж.) жасаған болар. Филон платоншы және әйгілі философ-рационалист ретінде абыройға бөленді. Ол грек тілінде сауатты жазды, кейбір деректер бойынша, тіпті еврей тілін білмеген де сыңайлы, бірақ яһудилік сенімінен айныған жоқ және мицвотты қатаң сақтады. Филон өз Құдайының гректердің Құдайымен сәйкессіздігін байқамаған болуы да мүмкін. Әйтсе де оның Құдайы дәстүрлі Яхвеге мүлде ұқсамады. Ең алдымен, Филонды Тәураттың тарихи кітаптары ойландырған, сол себепті ұятты оқиғаларды (Аристотельдің тарихты философиядан әлдеқайда төмен қойғанын еске алайық). Филонның Құдай қандай да бір адами сипаттардан ада, мәселен, Құдайды «ашуланып тұр» деп айтудың еш қисыны жоқ. Біз Құдай туралы бір ғана жайтты білеміз: Ол бар. Басқа жағынан алып қарасақ, яһуди ретінде Филон Құдайдың Өзін пайғамбарларға көрсеткеніне сенген. Бұл екі нәрсені өзара қалай сыйыстыруға болады? (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 171 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: