22:17
Құдайтану баяны

ӘУЕЛГІДЕ

Егер Брахман әрбір жанның ішінде болып, жанымен тұтасып кетпегенде, бұл сияқты құдайлық күш адамға мүлде бейтаныс болып қала берер еді. Йога философиясы адамға өзінің ішкі әлемін тануға мүмкіндік береді. Соңында тәннің ерекше қимыл қалыптары, тыныс алу мен тамақтану ұстанымдары, ақылды жұмылдыру тәсілдері бір-біріне тәуелсіз түрде басқа мәдениеттерде де дамығанын көретін боламыз. Сөйтіп, йогтар көкірек көзін ашатын және нұрландыратын. Бұл халдер түрлі жолдар арқылы түсіндірілгенмен, олардың табиғи сипатына еш күмән келтірілмеді. Упанишадтар тұжырымынша, адамның өз жанын жаңа өлшемде сезінуі осы әлемнің діңгегі саналатын қаиетті күштің көрінісі іспетті. Адам жанының мәңгі бастауын «Атман» деп атаған. Пұтқа табынушылардың тұтас көне дүниетанымының жаңа түрі, әрбір нәрсені жәе әркімді толтырып тұрған Біртұтас Құдайлық Өмірдің жаңа атауы – осы. «Чхандогья-упанишад» бұл ойды тұз туралы астарлы әңгімемен ұғындырады. Шветакету деген бозбала Веданы он екі жыл бойы зерттейді және өз ақылын өте жоғары бағалайды. Бірақ әкесі Уддалака өз сұрағымен оны тығырыққа тірейді. Баласы жауап бере алмайды; кейін әкесі оған бұрын білмеген негізгі ақиқатты үйретеді. Уддалака ұлынан судың ішіне бір шөкім тұз салуын және таңертең келуін өтінеді. Келесі күні таңертең әкесі баласына тұзды ыдыстағы сұйықтан бөліп алуға бұйырады, бірақ Шветакету мұны істей алмайды, себебі ұнтақтар із-түссіз еріп кеткен еді. Уддалака оған тағы бірнеше сұрақ қояды:

Әкесі былай дейді: - Мұны (суды) тіліңмен жалап көр, қандай екен?

  • Тұзды.
  • Оның түбін татып көр, қандай екен?
  • Тұзды.
  • Ортасын татып көр, қандай екен?
  • Тұзды.
  • Оны қоя тұр дағ маған жақында.

Ол солай істеді де, былай деді: «Ол барлық жерде бірдей». Әкесі оған былай деді: - Шындығында, сен, қаарғым, Болмысты қабылдай алмай тұрсын, (бірақ) ол – осында. Міне, осы нәзік (болмыс) – бүкіл бар болмыстың негізі, Ол – ақиқат, Ол – Атман. Сен Онымен біргесің, Шветкету!

Осылай Брахман көзге көрінбесе де, бүкіл әлемді толтырып тұр. Ол мәңгі барлы нәрседе. Адам жанындағы Брахман – бұл әрбіріміздің ішіміздегі Атман.

Атман Құдайдың адамдар өздерінің қорқынышы мен тілектерін сыйғыза алатын сыртқы (арғы жақтағы) Шындыққа, пұтқа айналуына кедергі болды. Сондықтан индуизмде Құдай бізге мәлім әлемнің бір Болмысы емес, яғни ол әлемге тең емес. Бұл құпияны ақылмен тани алмайсың. Ол тек ерекше халдерде (анубхара) «ашылады». Ол халдерді сөзбен және оймен білдіре алмайсың. Брахман «сөзбен танылатын нәрсе емес... Ақылмен ойлана алатындай да емес...». Барлық нәрседе бар Құдаймен қалай сөйлесуге болады? Ол туралы ойлаудың өзі Оны заттар немесе идеялардеңгейіне түсіріп жіберсе, Оны қалай ойлаймыз? Бұл – даралықтың бәрінен арылып, шынайы қабылдау ләззаты арқылы танылатын ақиқат.

«»Брахманды) түсінбегендер, солар түсінеді, кім түсінсе (Оны), сол Оны білмеген. (Ол) танығандармен танылмаған, танылмағандармен танылған.

Оянғандар арқылы Ол танылады, себебі (сол арқылы адам) мәңгілікке жетеді».

Құдайлар сияқты, ақыл да жоққа шығарылмайды; алайда одан асып түсіп, биігірек самғамақ лазым. Брахман-Атманды қабылдау музыканы немесе поэзияны ақылға салып түсіндіруден артық емес. Өнер туындысын жасау немесе оны бағалау үшін ақыл қажет, бірақ бұрқаған сезім таза логика мен сананың ернеуінен тасып, төгіледі. Осы бір тәжірибені жеткізе алму құдайтанудың бүкіл тарихында опық жегізген.  (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 196 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: