11:21
Құдайтану баяны

ӘУЕЛГІДЕ

Яхвенің алғашқыда Мадиан жерінің Құдайы болғаны туралы «Медиандық теория» деп аталатын болжамды қазіргі таңда ешкім де мойындамайды, бірақ дәл сол жерде Мұса Яхвені алғаш рет көреді. Мұсаның құл израилдықты азаптаған иесін өлтіріп, Мысырдан қашқанын еске түсірейік. Мұса мадиандықтарды паналайды және өзіне әйелін сол жерден табады. Күндердің күнінде қайын атасының қойын бағып жүргенде таңғаларлық көрірініс елестейді: бұта оттай лаулап тұрады, бірақ жанып кетпейді. Таңғалған Мұса жақын келгенде, Яхве атын атап шақырады, ал Мұса: «Міне, бұлт -  Менмін!» (Хинени!) деп дауыстайды: барлық израилдық пайғамбарлар Құдай олардан шексіз бойсұну мен сенімді талап еткенде, дәл осылай жауап беретін:

«Содан Құдай былай деді: бұл жерге жақын келме, аяқ киіміңді шеш, өйткені сен тұрған жер киелі жер. Мен сенің әкеңнің Құдайымын, Ибраһимнің Құдайымын, Исхақтың Құдайымын және Жақыптың Құдайымын. Мұса қолымен бетін басты, өйткені Құдайды көруге жүрексінді».

Яхвенің Ибраһимнің Құдайы екені туралы алғашқы куәдүрлікке (растауға) қарамастан, бұл Құдай кезіндеИбраһимнің шатырында отырып, онымен достық рәуіште тамағын бөлісіп ішкен жанға еш ұқсамайды. Енді бұл Құдай қорқыныш туғызып, арада алшақтық сақтайды. Мұса атын айтуды, яғни өзін таныстыруды сұрағанда, Яхве оған бүркемеленген сөздермен жауап береді, бұлжұмбақ сөздердің мағыналары төңірегінде теологтер ұзақ ғасырлар бойы бас қатырып келеді. Атын атай салудың орнына Ол: «Эхие ашер эхие» (Мен – болмыспын) дейді. Сонда, бұл нені білдіреді? Кейінгі философтар пайымдағандай, Құдай өзінің Өзіндік Болмыс екенін ойға алмағаны айқын. Ол кездері еврейлердің өздері екі мың жылдан кейін бойлай бастаған метафизикалық терең ойларға әлі бармағаны анық. Бұл сөздердің әлдеқайда қарапайым мағыналары болуы қажет. Эхие ашер эхие – әдейі екіұштылыққа құрылған көне еврей идиомасы. Інжілде «бара жатқан жағына бара жатыр» секілді сөз тіркестері кездессе, оның мағынасы жай ғана: «олардың қайда бара жатқанын кім білсін». Осылайша, Құдай Мұсаға: «Сенің ісің емес!» немесе «Саған қатысы жоқ!» деп жауап берген. Ол Құдайдың болмысын талқылау және бұл аздай, Оған ықпал ету әрекеттерінің кез келгеніне мүлде тыйым салады, ал пұтқа табынушылар Құдайлардың аттарын атау арқылы осыған ұмтылған болатын. Яхве ешкімге және еш нәрсеге бағынбайды: «Мен – кім болсам, Солмын». Ол Өзі кім боламын деп шешсе, сол болады, еш нәрсеге кепілдік бермейді. Ол тек бір нәрсеге, Өз халқының тарихына үнемі араласып отыруға уәде береді. Бұл Шығу туралы мифте айқын көрсетілген: Яхве ең қиын-қыстау жағдайлардың өзінде еврейлерді болашаққа үмітпен қарауға иландыра алады.

Құдіретті жаңаша сезінудің құнысоған сәйкес қымбатқа түсті. Көне Аспан Құдайы жердегі істерден мүлде алыс еді. Кейіннен пайда болған Ваал, Мардук пен Құдай-Ана адамдарға сәл де болса жақындады, бірақ Яхве адамилық пен құдайлық арасын алынбас қамалдай бөліп тастады. Мұны Синайдағы кездесу туралы хикая айқын көрсетті. Құдай таңдаған халық тауға жақындағанда, оған киім-кешегін жууға және алыста тұруға бұйрық берілді. Мұсаның израилдықтарға мынадай ескерту жасауына тура келді: «Тауға шығудан және оның етегіне жақындаудан сақтаныңдар, тауға қол тигізген әрбір жан өлім құшады». Адамдар таудан жырақта жиылып тұрады, таудың басына от пен жалынға оранған Яхве түседі:

«Үшінші күн дегенде, таң атқанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, тау басын қалың бұлт басып, күшті керней даусы естіледі. Қосындағы бүкіл халық қорқыныштан дірілдеді. Сосын, Мұса қосындағы халқын Құдаймен кездесу үшін тау етегіне жинайды. Синай тауы, Құдай (Яхве) оған отқа оранып енген кезде түгел бықсып жанып тұрады, таудан түтін будақтап шығып, бүкіл тау теңселіп тұрды».

Мұса тау басына жалғыз өзі көтеріліп, Өсиет тақтасын қабылдап алды. Пәрмен жоғарыдан түсірілді, бұл пұтқа табынушылардың құдайдың жарлығын тәртіп, келісім және әділеттілік ұстанымдарына негізделген кез келген нәрседен көруге болады деген түсініктеріне қарама-қайшы болды.тарихи Құдай Өз әрекетінің басты алаңы болып саналатын күнделікті өмірді ерекше назарда ұстауы мүмкін, ал бір жағынан қарасақ, Ол бұл дүниеден мүлде жырақ болуы ықтимал. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 206 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: