11:37
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Уолт Дисней компаниясының дүниеге келуі: 100 жылдық тарихы қалай өрбіді?

Уолтт Дисней кім?

Уолт Дисней - анимациялық суретші, режиссер және "The Walt Disney Company" компаниясының негізін қалаушы. Дисней алғашқы дыбыстық және музыкалық мультфильм киносының авторы атанды. Режиссер ретінде ол 111 фильм түсіріп,  576 кинофильмнің продюсері болды.

Ол 1901 жылы 5 желтоқсанда Чикагода дүниеге келді. 1906 жылы отбасымен Миссури штатындағы фермаға, ал 1910 жылы Канзас-Ситиге көшті. 14 жасынан бастап ол газет сатушы болып жұмыс істейді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Дисней Францияда Халықаралық Қызыл Кресттің жедел жәрдем көлігін басқарып, бір жыл қызмет етеді.

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: