09:58
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Әлемдегі ең алып Apple компаниясы өз жұмысын қалай бастаған?

Әлемге әйгілі Apple компаниясы дүниежүзіндегі ең мықты технологиялық компанияның бірі. Оның негізін қалаушы Стив Джобс өмірлік кәсібін ата-анасының гаражынан бастаған.

1976 жылы 21 жастағы Стив Джобс пен 26 жастағы Стив Возняк әрқайсысы 500 АҚШ доллары болатын 50 компьютерді жергілікті дүкенге арнап өз қолдарымен 30 күн ішінде құрастырып шыққан.

Фирманың атауы ағылшын тіліндегі алма сөзінен шыққан. Мекемнің логотипінде да алма қолданылады. “Apple” атауын Стив Джобс берген. Джобс бұл сөзді құлаққа жағымды естіледі деп санаған, сонымен қатар фирманың атауы телефон кітабында “Atari” компаниясының алдында келетінін де ескерген.

Оның бас штаб пәтері — Калифорния штатындағы Купертино қаласында орналасқан.

Тарихы

Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняк және Рональд Уэйн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан компьютер алғаш рет көпшілікке Homebrew Computer Club-ында көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын. Бұған дейін 1974 жылы “Альтаир 8800” компьютерлері шыққан еді, алайда олар жеке компьютер ретінде техникалық жағынан біліктілігі жоқ болған. 1976-1977 жылдары бірнеше фирмалар алғашқы жеке қолданыстағы компьютерлерді шығара бастайды.

1977 жылдары Commodore және Tandy Radio Shack компанияларының компьтерлері мыңдап сатылған, дегенмен де 1970 жылдардың аяғында 1980 жылдардың басында Apple II компьютерлері әлем бойынша миллиондаған данасымен таралады.

1980 жылдары Apple тарихында Apple IIІ жобасына шығарылуына қатысты сәтсіз болады. 1981 жылы Возняк жол апатына ұшырап уақытша жұмысын ысырып қояды. Осы кездегі Apple IIІ-тің сатылымына қатысты шыққан қиындық үшін Джобсқа 40 қызметкерін жұмыстан босатуға тура келеді. Баспасөздерде компанияның жақын арада жабылуы жайлы сөзздер қозғалады. Тұғырықтан шығу үшін 1983 жылы Джобс Джона Скалли компания президенті қызметіне шақырады. Алайда Джобс пен Скаллидің қарым-қатынастары жақсы болмайды. Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняк және Рональд Уэйн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан компьютер алғаш рет көпшілікке Homebrew Computer Club-ында көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын.

1984 жылы Apple фирмасы өзінің алғашқы жаңа 32-разрядты Macintosh компьютерін ұсынады. Ары қарай компания осы компьютердің серияларын шығарумен айналысады. Macintosh компьютерлері фирмалық операциялық жүйемен жабдықталған Motorola процессорлары негізінде шығарылған. 1985 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейган техникалық үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін Джобс пен Везнякты медалдармен марапаттайды.

2001 жылы 23 қазанда Apple iPod аудиоплейерін шығарады. Ол үлкен сұранысқа ие болады. 2009 жылғы қыркүйек айында жүргізілген санақ бойынша 220 миллионнан астам iPod сатылған. 2007 жылдың қаңтар айында фирма сенсорлы iPhone смартфондарын ұсынып, 2010 жылы нарыққа iPad планшетті компьютерін шығарады. Осы жаңа өнімдерді шығару арқасында Apple өзінің қаржылық жағдайын біршама жақсартып алып, 2011 жылы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша, ExxonMobil мұнай компаниясын басып озып, ең қымбат компанияға айналған.

* * *

Бақыт сыйлайтын ТОП-4 гормон: оны қалай қалыптастырамыз?

Гормондар - адам ағзасының әртүрлі безі шығаратын биологиялық белсенді зат. Олар қан арқылы өтеді және дененің көптеген функциясында маңызды рөл атқарады. “Гормон” термині “қозғалу”, “индукциялау” дегенді білдіретін грек сөзінен шыққан. Ал соның ішінде адамдар үшін ең маңыздысы - бақыт гормондары. Сөз барысында “Бақытты бол!” деп жиі айтқанымызбен, бақыттың қалай қалыптасатынын шын мәнінде түсінбей жатамыз.

1️⃣ Серотонин гормоны

Серотонин – “бақыт гормонының” бір түрі. Бұның қажетті деңгейде бөлінбеуі, адамның күйзеліске ұшырау қаупін арттырады. Серотонин – триптофан аминқышқылының туындысы, мида басқару қызметін атқарады. Ол бір жүйке тізбегінен екіншісіне ақпарат тасымалдайды және жүйке жасушаларының өзара қарым-қатынасын нығайтады. Мидың жұмысын реттей отырып, ұйқыға, тәбетке, бұлшық етке және адамның мінезі мен көңіл күйіне әсер етеді.

Көптеген маман адамдарда кездесетін эмоциямен байланысты мәселелерді мидағы осы заттың бұзылуымен байланыстырады. Күйзеліс, мазасыздық жағдайында серотонинге әсер ететін препараттар тағайындалады. Серотинин әртүрлі органдарда кездеседі. Әсіресе мидың, ішектің әртүрлі торшаларында, кеміргіштердің тромобоциттердіде және мес торшалардың қүрамында өте көп болады.

Серотониннің жеткілікті мөлшерде өндірілуі үшін белсенді өмір салтын ұстанып, күн мен таза ауада көбірек уақыт өткізуіңіз қажет. Сондай-ақ тыныштандыратын әуен тыңдағаныңыз жөн.

2️⃣ Эндорфин гормоны

Эндорфин - күндіз, яғни, жарық жерде көбейеді. Сондықтан әрбір күн сайын кемінде 15-20 минут серуендеуді әдетке айналдырыңыз. Ағзадағы эндорфинның қалыптасуын глюкоза да жүзеге асыра алады. Сондықтан тәттіден, оның ішінде, қара шоколадтан бас тартпаңыз. Эндорфин әсер еткен кезде одан бөлінетін қосымша заттар адамның көңіл күйін көтеріп, эйфорияға алып келеді.

Эндорфиндер мен дофамин жиі шатастырып жатады. Өйткені олардың әрқайсысы адамды бақытты ететін химиялық зат. Олар шын мәнінде бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі эндорфиндер орталық жүйке жүйесіндегі рецепторларға әсер еткенде, дофамин бөлінеді.

3️⃣ Дофамин гормоны

Дофамин адамды алға жетелеуші гормон. Яғни, алға қойған мақсатыңызға талпындырып, нәтиженің ләззатын сезінуге көмектеседі. Істі кейінге қалдыру және өз-өзіңізге деген күмән гормондардың төмен деңгейінің нәтижесін білдіреді. Бір нәрсе үшін мақтау естіген кезде адамда дофаминнің бөлінуі артады.

Бұл гормон қан қысымын реттейді, жүрек соғысын жиілетеді. Қан ағымын және бүйрек фильтрациясын жоғарылатады. Дофамин деңгейін позитивті ой, сүйіспеншілік, махаббат жоғарылатады. Игі істер атқару, белсенділік таныту, шараларға қатысу да дофаминнің артуына жақсы әсер етеді.

4️⃣ Окситоцин гормоны

Бұл гормон сүйіспеншілік, қамқорлық және жақын қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Окситоцин қанағаттану сезімін тудырады. Мазасыздықтың төмендеуі және серіктес жанындағы тыныштық сезімін сыйлайды. Көптеген зерттеулер окситоциннің адаммен қарым-қатынаста болатындығын, сенімді арттырып, қорқынышты төмендететінін дәлелдеді. Ол мидың мінез-құлық, қорқыныш және алаңдаушылыққа жауап беретін аймақтарына әсер етеді.

Окситоцин бұлшықет регенерациясын тез жақсартады. Аутизм ауруын емдеудің тиімді әдісі бола алады. Аустралиялық ғалымдардың егеуқұйрықтарда жүргізген зерттеулерінде бұл гормонды үлкен дозада енгізу арқылы жануарлардың алкогольге деген жеккөрушілік реакциясы туғаны анықталды. Яғни адамның алкогольге тәуелділігін емдеуге көмектеседі.

Окситоцин көп мөлшерде бөлінуі үшін жақындарыңызбен жиі араласып, сезіміңізбен бөлісіңіз. Кемінде күніне бір рет құшақтасуды ұмытпаңыз. Үй жануарларын бағып, оларға қамқорлық жасаңыз.

* * *

Қазақ халқында “байлық” нышаны қандай белгілермен анықталды?

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: