10:27
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Әлемге әйгілі Ferrari автокөлігінің тарихы

Ferrari тарихы 90 жыл бұрын бастау алды. Осы жылдар аралығында ол әлемге әйгілі әрі ең қымбат брендтердің біріне айналды.

‍‍ Балалық шағы

Энцо Эро Ансельмо Феррари 1898 жылы Италияның Модена атты шағын қаласында дүниеге келді. Бала кезінде Энцо әкесінің жанынан бір елі алыстамай, Альфредо Феррариге парохоқа арналған металл бөлшектерді жасайтын шеберханасында көмектесті.

Энцо бос уақытында әкесінің ісін зерттеумен айналысты. Ол кішкентайынан журналист әрі опера әншісі болуды армандады. Алайда 1908 жылы Феррари отбасы Болоньядағы автокөлік жарысына қатысқан кезде бәрі өзгереді.

Себебі мұндағы жылдамдық, түрлі көліктер, қауіп-қатер және көпшіліктің қуанышы - он жасар баланы таң қалдырып, жүрегін жаулап алады. Осы сәтте ол жарыс жүргізушісі боламын деген шешім қабылдайды.

Мансап жолы

1914 жылы жас жігіт La Gazzetta dello Sport газетіне спорт шолушысы болып жұмысқа орналасады. Онда футбол туралы баяндамалар жазып жүрді. Алайда бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Өйткені соғыс басталып, Феррариге де шақырту келеді.

Соғыстан кейін Энцо үйіне оралды. Бұл уақытта оның көлікке деген сүйіспеншілігі мен жетістікке деген ұмтылысы ғана болған еді. Сол себепті ол Fiat-ке қызметке орналасуға тырысады. Өкінішке қарай, ол қабылданбайды.

▪️1919 жылы оның айы оңынан туды. CMN Энцоны сынақшы және көлік жүргізушісі ретінде қабылдайды. Сол кезде жарыстан да бой көрсете бастады. Бірақ бәрі ол ойлағандай болған жоқ. Себебі ол жарыс мансабында төрт жылдан кейін ғана жеңіске жетті.

1923 жылы Circuito del Savio-да жеңіске жетіп, өзіне деген сенімділігі артады. Сонымен бірге Энцоның жаңа қызығушылығы пайда болып, ол кәсіпкерлікке де бет бұрады. Осылайша өзі жұмыс істеген компанияда алдымен (AlfaRomeo) басшылық қызметке ұмтылады. Бұл құштарлығы кездейсоқ пайда болған жоқ. Себебі бұл әрекеті арқылы ол өзінің туған қаласында Ferrari AlfaRomeo автокөліктерін сататын компания құрды. Басшы ретінде оның қолында еркіндік болды.

Энцо жауапкершілігі көп болса да, жарысты шет қалдырған жоқ. Нәтижесі де тамаша болды. Сондықтан 1929 жылы ол өзінің Scuderia Ferrari атты жарыс командасын құруға шешім қабылдайды. Команданың демеушілері AlfaRomeo (жеткізілген автокөліктер), Bosch (ұшқындар), Shell (жанармай мен май) болды.

▪️Бірте-бірте Ferrari командасында әйгілі жүргізушілер пайда бола бастады. Олардың қатысуы арқылы Ferrari туралы ақпарат кең етек жайды. Команда дамып, жеңістері артты. Осылайша байыпты спортшыларды тартып, жоғары беделге ие болады.

Отызыншы жылдардың аяғында бас демеуші жеке өзіне әрекет ететін уақыт келді деген шешімге келіп, командаға тиесілінің бәрін сатып алады. Ал Энцоға жоғары лауазым ұсынады. Бірақ оны қанағаттандырмайды. Себебі өзі жетекшілік ете алатын ісінде біреуге жұмыс істеуді қаламайды.

1939 жылы Ferrari автокөліктерге арналған станоктар мен бөлшектерді шығаратын Auto Avio Costruzioni атты жеке компаниясын құрды.

Компания соғыстың басталуына байланысты ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды. Бірақ Ferrari тарихындағы бірінші автокөлікті - AAC Tipo 815 жасап шығарды.

️ Ferrari көлігінің дүниеге келуі

1945 жылы соғыс аяқталды. Дәл сол кезде Ferrari спорттық автомобильдер шығару туралы шешімін жариялайды. Ол жаңа жобасына бұрынғы қызметкерлерін, сондай-ақ AlfaRomeo-дағы бұрынғы әріптестерін тартуға тырысты.

Үздіктермен жұмыс істей отырып, екі жылдан кейін ол Ferrari 125 S көлігін таныстырды.

Автокөлік өзінің алғашқы жарысында жеңіске жете алмайды. Бірақ кейін бірқатар жеңіске қол жеткізеді. Жақсы нәтижелер ауқатты адамдардың назарын аударды. Нәтижесінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлер, ақсүйектер мен саясаткерлердің қатары көбейе бастады.

Ferrari автокөлігінің жыл сайын өндірісі мен жарысқа қатысу саны да артты. Бұл брендтің тұрақты жарнамасын, сондай-ақ сатылымдарды қамтамасыз етті.

Алайда компания қиын кезеңмен бетпе-бет келеді. 1956 жылы Энцоның ұлы қайтыс болады.

* * *

Қазақстанда алғашқы ақшалар қалай пайда болды?

Қазақстан аумағында сол кездегі саудаға байланысты алғаш рет қытай

ақшасы пайда болды. Ғалым, шығыстанушы Нәпіл Базылхан жазғандай, көне түркі көшпелілері жылқыларын жібекке айырбастаған. Бірақ көп ұзамай алғашқы металл теңгелерге қажеттілік туындады. Қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде біздің дәуіріміздің тоғысында ең ірі Кангюй мемлекеті орналасқан. Осы маңайда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары бұл жерде біздің заманымыздың 6 ғасырына дейін қолданылған ежелгі қытай ушу (ушуцян) монеталарының қолданылғанын көрсетеді. Кейінірек Қытайдың басқа монеталары – кайюань тунбао қолданыла бастады.

Қытайдың ақша монополиясы тек 8 ғасырда күшін жойды. Соғды тайпасы Ұлы Жібек жолы бойында саудамен айналысқан. Алдымен олар қытай монеталарының көшірмелерін соқты. Алайда кейін оларға өздерінің таңбалары мен жазуларын қосуды шешті. Көп ұзамай түріктер оларды негізге алып, әр қала өз теңгелерін шығара бастады. Ал оның бір жағында міндетті түрде ханның рулық белгісі бейнеленді. Сонымен бірге 8 ғасырда Қазақстан аумағына шетелдік ақшалар – араб фельдері келді. 9-11 ғасырларда. Күміс дирхамдар негізгі валютаға айналды. Кейде қорытпаға алтын қосылды. 11 ғасырдағы күміс дағдарысына байланысты күмістің орнына мыс қосылып, тиындар қара түсті болды. Қара дирхамдер төрт ғасыр бойы соғылды. Содан кейін олар басқа үлгідегі қола және мыс монеталармен ауыстырылды.

Просмотров: 26 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: