09:11
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Әйгілі актер Джеки Чанның аңыз адамға айналу жолы

Жетістікке жету құпиясы

Джеки Чан  - атақты қытай әрі  американдық актер, каскадёр, кинорежиссёр, продюсер, сценарист, трюктер мен шайқас көріністерін қоюшы, әнші, филантроп, ЮНИСЕФ елшісі.

 Ол 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, кішкентайынан қиындықты көп көрген. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драмалық академиясына оқуға түседі. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді.

Осылайша тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіпке түсіп, таңғы сағат 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді. 1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен.

Сонымен қатар Джеки Чанның әншілік қабілеті де бар. Көптеген кинодағы әндерді өзі орындаған. 80 жылдардан бастап қазіргі күнге дейін 20 альбомды әндер жинағын шығарған. Бірақ қалың жұрт Джеки Чанды әнші ретінде емес, актер ретінде таниды. Ол 100-ден астам фильмдерде басты рөлдерді сомдаған. Ең алғашқы түскен киносы «Мәңгілік махаббат», «Жас жолбарыс». Осы актерлік өнердің, ерен еңбектің арқасында Джеки Чан әлемдегі ең бай адам атанып және көптеген табыстарға қол жеткізіп отыр. 

 

Джеки Чаннан мотивация:

Адам ішкі жан дүниесіне үңілсе - дана болады.

 

Мен трюк жасай алмаған кезде, бұл — менің соңғы жұмыс күнім болып есептеледі.

 

Ешкім күнәсіз болмайды. Менде әулие емеспін. Мен өзімді қалай дұрыс ұстау керект екенін әлі де үйреніп жүрмін.

 

Табысты болудың ең тиімді жолы — істейтін нәрсеңе ғашық болу.

 

Егер табысқа жеткіңіз келсе, мына алты кеселден бойыңызды аулақ ұстаңыз: маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу және жасқаншақтық.

* * *

Ағылшын тілін үйренудің ең тиімді 5 жолы

1.Қысқа әрі қарапайым диалогтардан баста.

90 күнде қысқа әңгімелерді оқи отырып, ауызекі тілді меңгеруге болады. Сондықтан күнделікті түсінуге жеңіл, қарапайым ақпараттарды оқуға кеңес береміз.

Егер ағылшын тілін меңгеруді енді бастап жатсаң, алғашқы аптада кітаптарды оқу арқылы тілдің 50%-ын құрайтын 100-200 сөзді үйренуіңе болады.

 

2.Бастапқы ақпараттарға назар аудар. 

Егер мақсатың тілді тез үйрену болса, өз деңгейіңе сай мәтіндерді оқып, аудио нұсқасын тыңдауды әдетке айналдыруың керек. Өз деңгейіңе сай ақпараттарды саралап, қажетті тапсырмаларды орындауыңа болады.

 

3.Сөздердің айтылымына және ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың сөйлеу мәнерін бақылауға ал.

Тілді үйрену барысында көптеген сөздер мен грамматиканы меңгеріп алуға мүмкіндік бар. Алайда болашақта түзеуге болмайтын бір нәрсені ескергенің жөн. Бұл - сөздердің айтылымы. Тілді үйренген кезде бірден айтылымын назарға алатын болсаң, келешекте еш қиындық туындамайды. Себебі меңгерген сөздерді қайта түзетіп отырғаннан гөрі, оны бірден дұрыс жаттап алған тиімдірек.

Сондықтан олардың диалогтарын көп тыңдап, дауысы мен интонациясын қайталауға тырыс. Сенде шынайы болып көрінгенше, әрекетіңді тоқтатпа.

 

3. Көп оқу маңызды емес. Бастысы - ақылмен оқу.

Ағылшын тілін тез үйрену үшін мына тәсілдерді ескергенің жөн.

* Кітап тарауларын басынан аяғына дейін оқып шық. Мүмкіндігінше көп ақапаратты түсінуге тырыс.

* Тарауларға қайта оралып, тағы бір мәрте көз жүгіртіп шық.

* Осы арқылы барлық тарауда қайталанып отыратын сөздерді бірден таба аласың.

 

4.Ағылшын тілінде күнде сөйлесуге тырыс.

Егер тілді тез үйренгің келсе, сол тілде күнделікті сөйлеуді әдетке айналдыр. Қазіргі уақытта шет тілін меңгеру үшін міндетті түрде шетел асудың қажеті жоқ. Өйткені интернет желісінде барлық мүмкіндік қарастырылған. Арнайы қосымшаларды пайдалану арқылы шетел тұрғындарымен видео немесе аудио байланыс орнатуға болады. Сондай-ақ фильмдерді субтитрмен қарай отырып, тыңдау қабілетіңді дамыта аласың.

 

5.Сөздік қорыңды дамыт

Сөздерді тез жаттап алуың үшін, бірінші жиі кездесетін сөздер тізімін жазып шық. Содан соң арасын суытпай, қайталап отыр. Сонымен қатар сөздерді жаттау барысында бейнесін көз алдыңа елестетуге тырыс.

* * *

Күміс дағдарысына әсер еткен өзгерістер

X-XIII ғасырдың басында айырбас саудасын - тауарлы ақша қатынастары ығыстырды. Қазақстанның ірі Испиджаб, Отырар т.б. қалаларында теңге сарайлары жұмыс істеді. Айналымға жоғары сапалы күміс дирхемдер енгізілді.

 

Күміс дирхемдер шығару XI ғасырдың соңына дейін жалғасты. ХІ-ХІІ ғасырдың соңынан бастап дирхемдердің сыртын күміспен жалатып, мыстан соға бастады. Бұған «күміс дағдарысы» деп аталатын күміс қорының азаюы себеп болды.

 

Қазақстан тұрғындарында, сондай-ақ халықаралық сауда құралы және табыс көзі ретінде алтын динарлар қолданылды. Алтын динарлар теңге сарайларында шығарылды, олардың сапасы мен салмағы бір-бірінен ерекшеленді.

 

Теңге сарайларында мыс фельстер соғылды. Мыс фельстер — айналым мен төлемнің жаппай қолданыстағы құралы, ішкі нарықта ұсақ бөлшек сауда саласында пайдаланылды.

* * *

Үйге алуға арналған ТОП-5 кеңес

Ипотекаға өтініш беру көп уақытты қажет ететін процесс. Ол банкке өтініш бергенге дейін басталады. Бастапқы кезеңде болашақ қарыз алушы қандай пәтерді алғысы келетінін шешіп алуы керек. Содан соң оны сатып алуға құжаттарды жинап, қаржысын дұрыс есептей алады. Бұл жазбада ипотекаға қалай дайындық жүргізу керек екенін білесіз.

 

1.Тұрғын үй түрін таңдаңыз

Бірінші қадам -   ипотека алуға ыңғайлы қаражатты анықтау. Мұндағы негізгі көрсеткіш – ай сайынғы төлем мөлшері. Оны есептеу үшін ипотекалық калькуляторды пайдаланып, әртүрлі төлем мен бағдарлама опцияларын есептей аласыз. Сондай-ақ банктер қандай пайыздық мөлшерлемелер мен шарттарды ұсынатынын көре аласыз.

Есіңізде болсын, пайыздық мөлшерлеме жаңа ғимараттарға қарағанда ескі тұрғын үйлер үшін жоғары. Өйткені бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін түрлі бағдарламалар қолданылады.

Егер сіз жаңа пәтерде тұруға шешім қабылдасаңыз, компанияның беделі мен ішкі жағдайларын тексеріп алыңыз. Бұл туралы интернеттен, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының бірыңғай ақпараттық жүйесінен ақпарат пен шолуларды іздеңіз: сайтта салынып жатқан нысандар бойынша құжаттамалары мен фотосуреттері бар.

 

2. Ай сайынғы төлем туралы шешім қабылдаңыз

Ай сайынғы ипотекалық төлем қандай? Бұл сұраққа бір ғана жауап жетпейді. Несиелік міндеттемелер бойынша ай сайынғы төлемдердің мөлшері жалпы кірістің 30-50%-нан аспауы керек.

Сізге ыңғайлы ай сайынғы төлемді анықтаған кезде, ескеру қажет басқа шығындар туралы ұмытпаңыз. Олардың арасында мына жағдайлар болуы мүмкін:

сатып алынған пәтердегі жөндеу шығындары;

 

жаңа тұрғын үйге жиһаздар мен тұрмыстық техниканы сатып алуға арналған шығын;

 

Коммуналдық қызметтерді төлеу;

 

қарыз алушының өмірі мен денсаулығын сақтандыру;

үйді сақтандыру.

 

3.Бастапқ жарнаны төлеу

Ипотекалық несиенің мөлшері бастапқы жарнаның мөлшеріне байланысты. Сіз 10% жарнасы бар ұсыныстарды таба аласыз. Бірақ көбінесе бұл тұрғын үй құнының 15-20%-ын құрайды. Максималды төлемнің ресми мөлшері жоқ. Кейбір банктер оны 80% деп анықтайды.

Жарна ретінде сіз жинақталған қаражатты ғана емес, сонымен қатар аналық статусыңызды, “Әскери ипотека” бағдарламасы бойынша жинақтарды және әртүрлі субсидияларды пайдалана аласыз.

Қарыз алушылардың жекелеген санаттары ғана субсидия алуға өтініш бере алады. Мысалы, көп балалы отбасылар, жағдайы төмен отбасылар. Әр аймақтың өз бағдарламалары бар.

“Жас отбасы” бағдарламасы барлық аймақта жұмыс істейді. Соған сәйкес, бастапқы жарна субсидиясын кемінде бір баласы бар 35 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар немесе 36 жасқа толмаған жалғыз басты ата-аналар ала алады. Бағдарлама ресми түрде тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж деп танылғандарға ғана қатысты.

 

4.Несиені жабамыз

 

Ипотекаға өтініш бермес бұрын мүмкіндігінше қарыздарыңызды төлеу маңызды. Өтінішті қарау кезінде банк ең алдымен әлеуетті клиенттің қаржылық жағдайын, оның ішінде борыштық міндеттемелерін бағалайды. Оларға тұтынушылық несиелер мен несие карталары жатады.

Несиені төлегеннен кейін растайтын сертификаттарды алыңыз. Несиелік бюролардағы ақпарат ұзақ кідіріспен жаңартылуы мүмкін. Ал сертификат банкке қарыздарыңыздың жоқ екенін көрсетуге көмектеседі.

 

5.Құжаттарды жинаймыз

Қандай құжаттар қажет болады?

         Әр банктің құжаттар тізімі әртүрлі болып келеді. Бірақ бәріне ортақ мына құжаттар екенін ескере жүруіміз керек:

*   Жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасы

*   Неке туралы куәліктің түпнұсқасы

*   Кейінгі алты айдағы жалақыңызды көрсететін анықтама. Ол жерде басшының қолы мен мөр болуы керек

*   Зейнетақы шотыңыздың үзіндісі. Кейінгі алты айдағысы жеткілікті

*   Өзге де кредиттер туралы ақпарат

         Өтінімді қарау уақыты бірнеше күнге созылады. Кейде апталап қарастыруы да мүмкін. Егер ипотекалық кредит мақұлданса, онда банк бағалап, пәтерді сақтандырады. Қаласа, өзге де құжаттарды сұратады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 31 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: