23:06
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Александр Винокуров: Атақты велоспортшының спорттағы өмірі мен жетістіктері

Александр Винокуров - аты аңызға айналған қазақстандық велоспортшы. Ол 2006 жылы Испаниядағы беделді Вуэльта веложарысының жеңімпазы және 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы. "Astana Pro Team" велокомандасының бас менеджері қазір триатлонмен белсенді айналысады. Осыдан бір апта бұрын Ironman әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Алаександр Винокуров спортпен 1984 жылы Бескөл ауылындаңы жасөсіпірімдер спорт мектебінде бастаған. 1987 жылы Қазақстанның ұлттық құрама командасына алынды. 1994 жылы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Осы жеңісі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды.

▪1998 жылы Casino велокомандасына ауысқаннан бастап өзінің кәсіби велоспорттағы қадамын бастады.

▪2003 жылы отандасы әрі досы Кивилев қайтыс болғаннан кейін Винокуров Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды.

▪Александр 2006 жылғы атақты испандық Вуэльто жарысында бірінші орын алған. Бүгінгі күні Әлемдегі ең мықты клуб Астананың негізін қалаушы.

▪2007 жылы Астана клубының капитаны Александрды велоспорт әлемінде Тур де Франс жарысынын жеңуге ең ықтимал фаворит ретінде есептейді. Бірақ Винокуров ол жарыста қатты жарақат алады, дегенмен оған қарамастан аяқ қолын дәке орап алып қанын сорғалатқан Александр келесі бір этапында алғашқы орынды жеңіп әлемді таң тамашаға бөлейді. Алайда сөйтіп ықтимал жеңімпаздар қатарын қайта енген Виноны француздар допинг тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап команданы түгелдей жарыстан қуып, Виноны екі жылға жарыстардан аластайды. Бірақ еш жасымайтын Александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып қыркүйек айында Астана құрамына қайта енеді.

▪2010 жылы Александр Винокуров «Джиро де Трентино» (Cәуірдің 20-23) веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алып, екінші кезеңінде 2ші болып келіп ақыры жалпы есепте де бірінші болып жеңіске жетеді.

▪2015 жылдың қазан айында Петропавлда Александр Винокуров атындағы Спорт сарайы ашылды[35].

Александр Винокуров «Арманға қарай» спорттық тақырыптағы қазақ музыкалық фильмінде (2016) пошташы Печкин рөлінде ойнады.

* * *

Барлық іске үлгеруге арналған 4 кеңес

Нақты жоспардың болмауы өмірде қандай да бір нәтижеге жетуіңізге кедергі жасайды. Ол көп істің орындалмауына әкеліп, соның салдарынан жұмыста немесе сабақта аяқсыз қалған жұмыс көбейе береді. Ал бұл күйзеліске және сенімсіздікке әкеледі. Осы тығырықтан қалай щығуға болады? Бәріне үлгеру үшін нені ескергеніміз жөн?

 

Просмотров: 34 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: