22:42
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Шыңғыс хан: Тауда жоғалған нәрсені өзен түбінен іздемейді

Шыңғыс хан - Орта Азияда бүкіл моңғол тайпаларын бір қолға біріктірген ұлы әмірші, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері.

Атақты қолбасшының шын аты — Темучин (Тэмуджин). Әкесі Есугей баһадүр тұтқынға түскен Темучин деген татар ханының өлімді қасқая қарсы алған қайсарлығы мен ерлігін бағалап, соның есімін сол кезде өмірге келген ұлына қояды. Ал екінші есімі - Шыңғыс хан. Бұл атақ Темучинге 1206 жылы оны империяның Ұлы қағаны етіп сайлаған Ұлы құрылтайда беріледі.

Шыңғыс хан дана саясаткер, көреген стратег және талантты қолбасшы ретінде даңққа бөленген. Ендеше, бүгін мемлекет қайраткерінің адамға шабыт беретін бірнеше нақыл сөзін ұсынамыз.

 

▪Менің жеңгенім жеткіліксіз, қалған жауларым да жеңілуі тиіс.

 

▪Егер әркім өз пиғылын арамдық ойдан тазартатын болса, бүкіл ел ұры-қарыдан, зиянды әдеттен пәк болар еді.

 

▪Саяхат жасаудың бір ұтымды тұсы - жаңа қалаларды аралап, жаңа адамдармен танысу мүмкіндігінде.

 

▪Тауда жоғалған нәрсені өзен түбінен іздемейді.

 

▪Қалай жасау керектігін білсен, бәрі де оңай.

 

▪Егер істі бастасаң - қорықпа, Қорықсан - бастама.

 

▪Адамдарды мақтансүйгіш ет, өркөкіректік оларды ақымақ етеді, Сол кезде сен оларды бағындырасын....

 

▪Жеңістің мүмкіндігі - тек шабуылда.

 

▪Құл арқылы ұлыңа бұйрық берме.

 

▪Сенімсіздік тудырған адамға сырыңды ашпа!

 

▪Көпшілік адам мақұлдағанды теріске шығарма.

 

▪Мен - Құдайдың қарғысымын. Егер сендер ажалға татырлық күнә жасамасаңдар, Құдай менің кейіпімдегі жазасын жібермейді.

 

▪Исламдағы ер мен әйелінің қарым-қатынасы көз бен қолдың қарым-қатынасы іспеттес. Қол ауырса көз жылайды... Көз жыласа алақан жасын суртеді.

* * *

Кайдзен әдісімен өмірді қалай жақсы жаққа өзгертуге болады?

Жапон сөздіктерінде "кайдзен"– үздіксіз жетілдіру деген мағынаны білдіреді. Кайдзен менеджменттің құрамдас бөлігі. Ол тек бизнесте ғана емес біздің өмір сүру салтымызда өмірді үздіксіз жақсарту қағиттарына да бағамдайды. Яғни, өмірдің басқа да аспектілері мен тұлға болып қалыптасу жолындағы үздіксіз жетілдірулерге шоғырланған методика.

Кайдзеннің заманауи түсіндірмесі былайша жіктеледі. Бұл негізгі мақсаты болып та есептеледі.

• Everyday improvement (күнделікті даму)

• Everybody improvement (әрбір адамның дамуы)

• Everywhere improvement (кез келген жағдайда даму)

• From small incremental improvement to dramatic strategic improvement (бастапқы жүйелі дамудан бастап стратегиялық дамуға дейін) 

 

Кайдзеннің 5S қағидасы

 1S: Sort - cұрыптау– Кез келген тапсырманы мұқият орындау қажеттілігі ескеріледі.

 

2S: Straighten - (реттілік) – бұл жүйе кез келген заттың өз орнында болуына мән береді. Тек жұмыста ғана емес, өмірде де солай болуы шарт.

 

3S: Shine -  (Тазалық) – тазалау жұмыстары тек жұмыс орнында ғана емес, адамның сыртқы келбеті, ойы мен айналасында жүруі тиіс.

 

4S: Standardize (стандартизация) – жетістікке алып келетін стратегияны қалыптастыру.

* * *

Көшпелілердің экономикалық деңгейін көтеруге көмектескен 4 дағды

Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде эволюциялық жолмен дами бастады.

Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды.

Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей байланысты болды. Өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді.

“Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климат ерекшеліктерін ұтымды қолданады. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді — жайлау, ал оңтүстік және орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланды.

“Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы, социолог Арнольд Джозеф Тойнби — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді қалыптастырады”.

Көшпелі өмір, төрт түлік мал, жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жақты жетілген адамдар қалыптасты.

Дала көшпелілерінің ақынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің арқасы еді. 19 — 20-ғасырларда, әсіресе еуропалық зерттеушілер арасында көшпелі халықтардың рухани өмірі мен дүниетанымы жүйесіз деп танылып, олардың адамзат өркениетінің дамуына қосқан рөлі төмендетіліп, оған қатысты жабайылық, тағылық секілді орынсыз пайымдаулар айтылды. Алайда, ғылыми негізделген дәйектер көшпеліліктің отырықшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, қоғамдық билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір кем емес екендігін дәлелдеп отыр.

* * *

Ақшаны дұрыс жұмсауға көмектесетін 3 әдіс

Қолға түскен ақшаны жинап, оны үнемдеу үшін біз ұсынған әдістерді қажетіңе жарат.

Кез келген затты сатып алмас бұрын өзіңе ақшаны үнемдеуге көмектесетін қарапайым 3 сұрақты қой.

Қандай мақсатта алғың келеді?

Бұл қажеттілік пен әлде қалау ма?

Аталмыш затты қаншалықты жиі қолданасың?

Міне, осы сұрақтарды қойғаннан кейін эмоцияға берілмей, саналы түрде шешім шығара аласың.

Қаражатыңды жоспарлап үйрен. Күнделікті кіріс пен шығынды жазып отыр. Тіпті, 100 теңгені де жазуды ұмытпа. Ай соңында дәптеріңді ашып, ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын білесің.

Ақшаның бір бөлігін жинауды әдетке айналдыр. Үнемдеуді жеңілдету үшін түсінікті әрі дұрыс жұмыс істейтін стратегияларды қолдан.

Мысалы, 5 конверт техникасын алып қарастырайық. Бұл әдіс бойынша шығын түрін анықтап, негізгі төлемді конвертке бөліп, салып қоясың. Осылайша ақшаны 5 бөлікке бөлесің.

60% - ай сайынғы шығындарға жұмсалатын қаражат;

10% - үлкен сомадағы қажеттілігіңе арналған ақша. Мәселен, қол сағатын алғың кеп жүр. Сен ай сайын түсетін қаржыдан 10%-ын үнемдеп отырсаң, оны сатып алуға мүмкіндік туады.

10% - жоспарланбаған шығындар үшін. Мысалы, күтпеген жерден телефон немесе ноутбук бұзылып қалуы мүмкін.

10% - демалыс үшін: театр, кино, мейрамхана шығындары.

10% - депозитке немесе арнайы сандықшаға жиналатын ақша. Бұл сәтте өзіңе қауіпсіздік жастығын қалыптастырасың.   

Б. Авербах “Көп ақша табу - батырлық, оны сақтау - ақылдылық, ал үнемдеп жарата білу - өнер” деген екен. Ендеше сен де ақшаңды үнемдеуді бүгіннен баста!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 36 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: