22:17
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Қазақ тіліне тән 9 ерекшелік

Қазақ тілі түркі тілдерінің тобына кіреді, ал оның ішінде ноғай және қарақалпақ тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады.

1960 жылы  ғарышқа ұшқан «Спутник-5» ғарыш кемесінде тіркелген мағлұматтар пакетіндегі ескерту ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ де  жазылған

 

Дәлірек айтқанда, онда: «Жолдастар! Мына пакеттi кiм тапса, жақын жердегi жергiлiктi советке табыс етciн!» делінген

Тәуелсіз Қазақстанмен қатар, қазақ тілі,  Ресейдің  құрамындағы Алтай Республикасының мемлекеттік тілдер құрамына енеді

Қазақ тілінің тек өзіне тән 9 әріп бар: ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, h, і

Қазақ тіліндегі ең қысқа әрі өзіндік мағынаға ие сөз — «у»

«Ң» әрпінен басталатын жалғыз сөз - «ңөң» («мұзтау», «айсберг»). Бұл сөз - сатирик Оспанхан Әубәкіровтің «Ңөң» өлеңінен қалыптасқан

Орыс тіліндегі «деньги» («ақша») сөзі қазақ және басқа да түркі тілдеріндегі «теңге» сөзінен шыққан

Просмотров: 38 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: