11:40
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Сергек жүруге арналған ТОП-5 әдіс

Таңертең сергек жүру көпшілік үшін оңайға соқпайтыны рас. Байқасаң, бірі шаршап жүреді, енді бірі ашушаң мінез танытады. Ал мұның бәрі жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді.

Ендеше құрметті қыз-жігіттер, біз ұсынған 5 әдісті мұқият оқып, күнделікті өмірде қолданып жүр! Сергек жүру сенің де қолыңнан келеді.

  1. Ерте ұйықтап, ерте тұруды әдетке айналдыр.

“Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», – деген қазақтың аталы сөзі көпшілікті ерте тұру мәселесіне бей-жай қарамауға шақырады. Ұйқыдан ерте тұрудың пайдасы көп. Ерте тұру – күні бойы сергек жүрудің бір жолы. Таңертең жұмыс істеу – түнде жұмыс істегенге қарағанда әлдеқайда нәтижелі болатынын есіңнен шығарма. Сонымен қатар таңмен таласа тұрсаң физикалық тұрғыдан өзіңді белсенді сезінесің.

  1. Оятарға бірден тұр.

Көп жағдайда белгілеген уақытты кейінге шегіріп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қаласың. 5-10 минут ештеңені шешпейді. Нәтижесінде жүйкеңе кері әсерін тигізеді. Сондықтан оятарды нақты ұйқыдан тұратын уақытқа қой және бірінші дыбысынан бірден төсектен тұруға тырыс.

  1. Спортпен айналыс.

Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің бір тәсілі – спорт. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында жаңа нейрондар байланысы түзіледі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты әрі шыдамды болады. Денені шынықтырмай, спортпен шұғылданбайтын болсаң, өзіңді шаршаңқы сезініп, жалқаулық орын ала бастайды. Еш нәрсеге зауқың болмай берекетің қашады. Басың ауырып, әлсіздіктер пайда бола бастайды. Тіпті, тамақ ішуге де зауқың соқпайды. Өйткені ас қорытылмайды. Ұйқың да қашады.

Сондықтан таңғы жаттығуды жасауды ұмытпа. Себебі ол жүрекке жақсы серпін мен күш береді. Спортпен тұрақты түрде айналыспасаң, 10 мың шақырым жүруді әдетке айналдыр.

  1. Таңғы ас мәзірін ретке келтір.

Таңертеңгі асын тастамайтын адамның күйзеліске қарсы тұру қабілеті жоғары болады. Сондай-ақ таңғы ас мидың жақсы қалыптасуына және ақпаратты есте сақтауға қажет. Таңертең ақуызға бай жұмыртқа мен нанды тұтынғаның абзал. Мүмкіндік болса, сүт-айран ішуіңе болады. Себебі таңғы уақытта ол қте сіңімді болады.

  1. Күндіз жарты сағатқа мызғып ал.

Бұл есте сақтау қабілеті мен ағза жұмысын жақсартуға көмектеседі. Күндізгі ұйқыны ұзаққа созылып кетпесін. Өйткені әлсіз боп оянасың. Алайда мұндай ұйқы да пайдалы. Біраз уақыт өтіп, ұйқы ашылғаннан кейін күш-қуаттың артқанын сезінесің. Сол себепті уақыт тауып, мызғып алуға тырыс.

* * *

Көшпенді қазақтың бизнес кездесулері қандай орындарда өтті?

Жәрмеңкелерде тек сауда-саттық жасалып қойған жоқ. Олар алуан түрлі ру мен халықтардың өкілдері бас қосып, пікір алысатын, байланыс жасап тұратын орнына да айналды.

Қазақ және орыс халықтары өкілдерінің өзара тамыр-таныстығы да осындай жәрмеңкелерден басталатын.

Жәрмеңкелерде ірі-ірі спорттық шаралар, ат жарыстары, ұлттық ойын түрлері өткізіліп тұратын. Қазақтардың әр түрлі руларының, кейде тіпті барлық жүздерінің өкілдері күш сынасатын жарыстар да өткізілетін. Жәрмеңкеге жиналғандар түрлі спорт ойындары мен жарыстарды тамашалайтын. Ақындар айтысқа түсіп, бақ сынасатын.

Ірі-ірі жәрмеңкелерде қазақтың бүкіл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсетті. Жәрмеңкелерде қазақтың Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әміре Қашаубайұлы сияқты көптеген сал-серілері мен ақындары да жиі-жиі келіп тұрды.

Саяси өмірдегі оқиғалар шиеленісіп қыза түскен кездері жәрмеңкелер өкімет билігінің жоғары органына жазбаша шағым түрінде петициялар жолдайтын орын да болып табылды. Мәселен, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен атақты Қарқаралы петициясы жазылды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 44 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: