19:11
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Көпшілік ортада кекештеніп сөйлеуден қалай арыламыз?

Кекештік (тұтығу) – сөйлеу қалпының бұзылуы, жеке дыбыстар мен сөз буындарын айтқанда немесе оларды қайталағанда еріксіз мүдіру. Өз кезегінде, бұл процесс тіл бұлшықетінің тартылып қалуынан болады.

Егер кекештіктен тезірек арыламын десеңіз, төмендегі кеңестерді  қажетіңізге жаратыңыз!

Тіліңізде мүкістік барын байқаған бойда  оған  қолайлы жағдай жасап,  назарыңызды кекештікке аудармауға тырысыңыз. Кей жағдайда өз ортаңызды  ауыстырған кезде кекештеніп сөйлеуді қойып кетесіз;

Өзіңізге деген  сенімділікті арттырыңыз. Бұл кекештеніп сөйлеуді түбегейлі жоюдың бірден бір жолы;

Кекештеніп сөйлейтін жандар  сөздің қарқынын бұзбай, демін ішке тартып сөйлеуге машықтануы керек.

Әрі жаныңыздағы адамдармен  түрлі тақырыптарда жиі сөйлесіп, пікір алмасудың маңызы зор;

Сонымен бірге екінші тарап әңгіме барысында сіз  кекештеніп сөйлейтін сөздерді көбірек қолданатындай етіп сұрақ қойып отырған дұрыс;

Негізінен, тұтығуды жоюдың ұтымды жолы - тұтығатын адам мен мамандардың бірге талаптанып жүйелі, тиянақты түрде  мейлінше ұзақ жұмыс жасауы. Мұндай бірлескен мақсатты жұмыстың нәтижесі тұтықпаны жоюға оптимистік тұрғыдан қарауға мұрындық болады.

* * *

Фактчекинг: Жалған ақпаратты қалай тексереміз? 

ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры. Алайда ақпараттың шектен тыс қолжетімді болуы, сайттар мен топтардың көбеюі жұртшылықтың аналитикалық ойлауын төмендетіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, қазіргі таңда ақпаратты сұрыптап оқитын жандардың қарасы аз. Неге? Себебі көбі құрғақ ақпаратқа сеніп, ізденгісі келмейді. Ізденіс тоқтағаннан кейін шолақ ойлауға әдеттеніп кеткен.

Ендеше, “Әлеуметтік желіден келетін хаттар мен жаңалықтардың рас-өтірігін қалай тексеруге болады?” деген тақырыпқа тоқталып өтейік. Фейк ақпарат пен жалған ақпаратты қалай ажыратуға болады? Ватсаптан келген және инстаграм желісіндегі ақпараттарды қалай сұрыптаймыз? Осы сұрақтарға жауап берейік.

Ескерте кететін бір жайт, жалған және фейк ақпарат екі түрлі нәрсе.

Жалған ақпарат еш эмоциясыз беріледі. Сондықтан оны ажырату қиынға соғады.

Ал фейк ақпаратта назар аудартатын кілт сөздер болады. Сонымен қатар күшейтпелі және асырмалы шырайлар көп қолданылады.

Фейк ақпаратты қалай тексереміз?

Дереккөзді тексеріңіз.

Фейк ақпараттарда орфографиялық әрі грамматмкалық қателіктер көп кездеседі. Сондай-ақ сөз бен сөздің, сөйлемдердің логикалық байланысы болмайды.

Жан-жақты ақпарат көздерінен тексеру

Бір ғана хатқа немес жаңалыққа тәуелді болмаңыз. Көпке белгілі ақпарат көздері мен бұқаралық ақпараттардағы мәліметтерге де назар аударыңыз. Егер аталмыш ақпарат сенімді дереккөздерінде жарияланса, демек шындыққа жанасуы мүмкін.

Критикалық ойлау

 Фейк ақпарат эмоцияға толы болады. Оны оқымау мүмкін емес. Мұнда асыра сілтеушілік пен драмматизация да бар. Сондықтан әр ақпаратқа сыни көзбен қарауға тырысыңыз.

Сурет пен видеоны тексеру

Әлеуметтік желіден келген сурет көкейіңізге күдік ұялатса, оны тексеруге мүмкіндік бар.  Суреттердің түпнұсқасын Google Image Search немесе Yandex Image Search іздеу жүйелері арқылы тексеруге болады. Осы арқылы күмән тудырған суретке байланысты қандай мақала, ақпарат шыққанын, ол қандай ақпарат көздерінде жарияланғанын біле аласыз. Google Image Search іздеген суретке ұқсайтынын тауып, оларды сұрыптауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты сұрыптап, оның рас-өтірігіне қол жеткізу үшін factcheck.kz сайтын оқуға кеңес береміз. Жобаның негізгі міндеті – ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттың, әлеуметтік желідегі жазбалардың және ел алдында жүрген тұлғалардың мәлімдемелерінің  рас-өтірігін тексеру. Сайттағы мақалалар қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

* * *

Кітап оқығанда мына 3 қателікке бой алдырмаңыз

Кітаптың авторы жайлы мағлұмат білмеу

Кітапты оқымастан бұрын, авторы жайлы аз да болса мағлұмат білген жөн. Кітаптың қысқаша мазмұнымен танысып шығу оқу барысын жеңілдетеді. Алдын ала бұл кітаптан не күтетініңізді жазып қойыңыз. Мәселен, белгілі бір салаға қатысты кітап оқымаққа бекіндіңіз делік. Бұл кітапты оқу арқылы қандай сұраққа жауап алғыңыз келеді? Ұмытпай тұрғанда сұрағыңызды қойын дәптерге түртіп қойыңыз. Осындай мақсатты әрекеттер таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, кітап мазмұнын көпке дейін есте сақтауға көмектеседі.

Күнделікті жүйенің болмауы

Күніне 30 бет оқып отыруды әдетке айналдырыңыз. Әр адамның өз оқу жылдамдығы бар. Біреулер бір кітапты айлап оқыса, енді біреулерге бір кітапты аяқтау үшін бір апта немесе санаулы күндер жеткілікті. Сіз өзіңізге ыңғайлы нұсқаны таңдаңыз. Десе де, ең тиімдісі – күніне 30 бет оқу. Бұл үшін әрі кетсе 1 сағатыңыз кетер. Осылайша, сіз бір кітапты бір аптада бітіретіндердің қатарына барып қосыласыз. Яғни бір жылда 60 кітапты оп-оңай бітіріп тастайсыз деген сөз.

Таймер пайдаланбау

Кітап оқуға 30-50 минут бөліп, содан кейін қысқа үзіліс жасаңыз. Ол аяқталғаннан кейін оқуға қайта кірісіңіз.  Секундомердің көмегімен, өзіңнің қаншалықты тез оқығаныңды тексерген дұрыс. Егер нәтижеге көңілің толмай жатса, тағы қайталап барынша тез оқуға тырысу қажет. Адам өзің осылай тәрбиелейтін болса, жылдам оқуға машықтанып кетеді.

Ал сіз қандай қателік жіберіп жүрсіз?)

* * *

Қаржылық сауатыңызды арттыруға көмектесетін ТОП-4 кітап

Назарларыңа қаржылық сауаттылықтарыңды арттыратын ТОП-4 кітапты ұсынамыз.

Ақша ақшаны жасайды (Деньги делают деньги)

Қаржылай тәуелсіз болу - адамға берілген еркіндік. Бұл санаттағы жан ақшаға күнкөріс құралы ретінде қарамайды. Дмитрий Лебедев аталмыш кітапты өзінің, тұтынушыларының, достарының,  таныстарының қаржылық еркіндікке қол жеткізу тәжірибесіне сүйене отырып жазды. Ондағы барлық мысалдар мен ұсыныстар нақты әрі тексерілген. “Ақшаны қайда салуға болады және қайда сақтау керек?”сынды сұрақтарыңызға жауап табасыз.

Бұл кітап - ақша тапшылығы шеңберінен шығуға көмектеседі. Автор сізге жеке капиталды қалай құруды, оны үнемдеу мен көбейтуді үйретеді. Осылайша ақша күн тәртібіндегі бірінші мәселе болуын доғарады. Сіз шынымен өмір сүруді үйреніп, демалып, саяхаттап, басқаларға көмектесе алатын боласыз.

Вавилондағы ең бай адам (Самый богатый человек в Вавилоне)

Бұл кітап 1926 жылы жазылған. Авторы – Джордж Самуэл Клейсон. Мұнда Ежелгі Вавилондағы оқиғалар сипатталады. Кітап авторы өзінің бір әңгімесінде «Адамның байлығы оның әмиянындағы теңгенің санымен өлшенбейді. Байлық оның табысына байланысты айқындалады», – деген екен.

Осылайша, ол табыс саяхаттағаныңа немесе қажетті заттарыңды алғаныңа қарамастан көбеюі керек деген тұжырымға келеді.  Клейсонның аталмыш кітабы әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, ең үздік туындылардың қатарына енді. Бүкіләлемдік бестселлерге айналған туындыда байлыққа қатысты ежелден келе жатқан ережелер айтылған. Сондықтан бұл әрбір миллионер оқыған кітап деп есептеледі.

Туынды өте қарапайым әрі түсінікті тілде жазылған. Бұл жерде қаржыңызды жоспарлауды, табысыңызды сақтауды және оны үнемдеуді үйретеді. Мұны «байлық әліппесі» деп те атайды. Себебі аталмыш кітап жүз мыңдаған адамға қаржылай тәуелсіз болуға көмектесті. Сен де оқып, миллионерлердің қатарына қосыл!

Бай әке, кедей әке (Богатый папа, бедный папа)

Бұл америкалық кәсіпкер, инвестор, жазушы Роберт Кийосакидің 26 млн данамен тараған бүкіл әлемге танымал кітабы. Туынды ақшаны дұрыс жұмсап, сауатты басқарғысы келетін адамдар мен жас кәсіпкерлерге арналған. Мұнда Роберт Кийосакидің басынан өткен оқиғалары баяндалады.  Кітаптың мақсаты Роберттің балалық шағында ақшаға байланысты айтылған екі түрлі тәрбиелік көзқарасына негізделеді. Бірі — білім министрі болып қызмет еткен өзінің туған әкесінің тәрбиесі болса, екіншісі — Майк атты досының бизнесмен әкесі. Ол Гавай аралдарындағы ең бай адамдардың бірі болады.

Бірінші әкесі «Жақсы оқы, жақсы мекемеге жұмысқа тұрасың» деп өсиет айтса, екіншісі: «Мықты оқы, кейін жақсы компания тауып, оны сатып аласың» – деді. Осылайша тәрбиелік жолда екіншісін таңдаған Роберт қаржылық жолда үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.

Қаржылық еркіндікке апаратын жол (Путь к финансовой свободе)

Белгілі бизнес-кеңесші Бодо Шефердің аталмыш кітабы адамдарды қаржылық еркіндікке жетелейді. Автордың пікірінше, егер адамның басында қаржылық мәселе болса, ол ақша туралы көп ойлай бастайды. Сонымен қатар ол байлар мен кедейлер банктегі шоттың мөлшерімен ғана емес, ойлау қабілеттерімен де ерекшеленетінін айтады. Себебі ой арқылы энергия пайда болады. Ал энергияға байланысты ақша келеді.

Автор табысты арттыруға байланысты бірнеше кеңес ұсынады. Нақтырақ айтсақ, тапқан табыстың белгілі бір пайызын үнемдеп отырасыз. Табысыңызды арттырып, оның да белгілі мөлшерін үнемдеуді әдетке айналдырасыз. Кітапта осыған қатысты көптеген ақпараттар айтылған. Оқып шықсаң, қаржылық еркіндікке ерте қол жеткізетініңе сенімді бол!

 

Ақша ақшаны жасайды (Деньги делают деньги)

Еркіндіктің ең маңызды түрі – қаржылық тәуелсіздік. Қаржылай еркін адам ақшаға күнкөріс құралы ретінде қарамайды. Дмитрий Лебедев бұл кітапты өзінің қаржылық еркіндікке қол жеткізу тәжірибесіне және тұтынушыларының, достарының және таныстарының тәжірибесіне сүйене отырып жазды. Ондағы барлық мысалдар мен ұсыныстар нақты әрі тексерілген. Ақшаны қайда салуға болады және қайда сақтау керек? сынды сұрақтарыңызға жауап табасыз..

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 67 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: