23:12
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Мүсін түзулігі даусымызға қалай әсер етеді: ТОП-6 жаттығу

Сіздің әдемі, анық әрі қысылмай сөйлеуіңіз алдымен мүсін түзулігінен басталады. Түзу мүсін адамның сымбаты мен келбеті және дұрыс денсаулықтың кепілі. Ал бірақ мүсіннің түзу болуы біздің даусымызға қалай әсер етеді?

 Денені дұрыс калыпта ұстау назарды аудартады және тірек қимыл аппаратының саулығын сақтауға көмектеседі. Дененің тік орналасуы омыртқа мен диафрагмаға (өкпенің дем алу және шығару кезіндегі бақылау аймағы) біркелкі жүктеме қамтамасыз етеді.

Ендеше назарларыңызға ТОП-6 жаттығуды ұсынамыз:

1-жаттығу. Иық орамы.

Иықты алдыға және артқа қарай айналдырамыз. Алдыға 15 рет, артқа 15 рет айналдырамыз.

 2-жаттығу.

Қолымызды басымызға қойып, қол бүгілген күйі алдыға және артқа қарай қозғаймыз.

 3-жаттығу. Қолымызды иық деңгейімен теңестіріп, созып ұстаймыз. Бұл сәттә алақан сыртқа қарайды. Осылайша, қолымызды созған күйі алдыға артқа қозғаймыз.

 4-жаттығу. Тік тұрып, қолымызды төменге тастаймыз. Бұл сәтте иық төмен түсіп, жота көтеріліп тұрады. Ал алақан сыртқа қайырылып тұрады. Осылайша, иығымызды артқа тастап, басымызды артқа қарай шалқайтамыз. 30 секунд.

 5-жаттығу. Тік тұрып, саусақтырымызды бір-біріне айқастырып, жоғары-төмен тастаймыз. 30 секунд.

 6-жаттығу. Қолымызды иық деңгейінде көтеріп, алға және артқа қарай айналдырамыз.

* * *

Роберт Кийосаки: Жалқаулық адамды денсаулықтан да, байлықтан да айырады

Роберт Кийосаки - американдық кәсіпкер, инвестор, өзін-өзі дамытуға арналған бірқатар кітаптың авторы, педагог, мотивациялық баяндамашы және Yahoo Finance қаржылық шолушысы. Сонымен қатар жеке қаржы және іскерлік білім ұсынатын Rich Dad білім беру компаниясының негізін қалаушы. Әрі Cashflow ойынының және ересектер мен балаларға қаржылық-бизнес тұжырымдамаларын үйретуге арналған онлайн ойындардың жасап шығарған. “Жарлы әке, Кедей әке” аты кітабының арқасында танымал болды.

Тұрақты жұмыс сені бай қылмайтынын қанша рет еске салуым керек? Сондай-ақ бос уақытыңызда шұғылданатын іспен бай болатыныңызды қанша рет еске салуым керек?

Бос уақытымда айналысқан іс-әрекетіме байланысты қазіргі таңда мен баймын.

Қазіргі жағдайыңызды өзгерткіңіз келсе, ең алдымен ойыңызды өзгертіңіз.

Ақша үшін жұмыс істеген адам - оның құлы болады. Еске саламын, ақша үшін жұмыс істемеңіз. Керісінше ақша сізге қызмет етсін.

Өмірде бұрын-соңды болмаған нәрсеге қол жеткізу үшін, бұрын жасамаған нәрсені жасаңыз.

Егер спорттық жаттығулар дұрыс орындалса, адамның денсаулығына әсерін тигізеді. Ал ақыл-ой жаттығулары - адамның бай болуына көмектеседі. Есіңізде болсын, жалқаулық адамды денсаулықтан да, байлықтан да айырады.

“Ертең” деген сөзді жиі қолданатындар – әдетте, кедей, бақытсыз, денсаулығы нашар болып келеді.

Бастыққа немесе ірі компанияға жұмыс істеу ақша мәселесін шешпейді.

Қазіргі күннің ең басты қатері — әрекетсіздік.

Мектептер - жұмыс берушілерді емес, сенімді жұмысшыларды дайындайды,

Сәби бір рет құламай жатып, жүруді үйрене алмайды. Себебі біз жүруді құлай-құлай үйренеміз. Бизнестің жолы да дәл солай. Неліктен қоғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды? Өйткені олар жеңілуден қорқады. Ал жеңіс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмін де татқандар. Сәтсіздік ол жетістікке жетудің бір бөлігі. Сәтсіздіктен қорқатын адамдар - жетістікке де жете алмайды.

* * *

Тауарлы-ақша қатынастарының дамуы күміс дағдарысына қалай әсер етті?

X-XIII ғасырдың басында айырбас саудасын - тауарлы ақша қатынастары ығыстырды. Қазақстанның ірі Испиджаб, Отырар т.б. қалаларында теңге сарайлары жұмыс істеді. Айналымға жоғары сапалы күміс дирхемдер енгізілді.

Күміс дирхемдер шығару XI ғасырдың соңына дейін жалғасты. ХІ-ХІІ ғасырдың соңынан бастап дирхемдердің сыртын күміспен жалатып, мыстан соға бастады. Бұған «күміс дағдарысы» деп аталатын күміс қорының азаюы себеп болды.

Қазақстан тұрғындарында, сондай-ақ халықаралық сауда құралы және табыс көзі ретінде алтын динарлар қолданылды. Алтын динарлар теңге сарайларында шығарылды, олардың сапасы мен салмағы бір-бірінен ерекшеленді.

Теңге сарайларында мыс фельстер соғылды. Мыс фельстер — айналым мен төлемнің жаппай қолданыстағы құралы, ішкі нарықта ұсақ бөлшек сауда саласында пайдаланылды.

* * *

Қаржылай тәуелсіз болуға арналған 5 лайфхак

1-қадам. Ең алдымен қолыңнан не келетінін анықтап ал. Нақтырақ айтсақ, икигайыңа мән бер.

Икигай сөзі - “өмір сүрудің мәні” деген мағынаны береді. Бұл ұғым құндылығыңды, өз жолыңды, қандай маман иесі болатыныңды, мақсатыңды анықтауға көмектеседі. Икигай төрт ережеден тұрады. Олар:

1.Жаның қалайтын іс

2.Қолыңнан келетін іс

3.Ақша әкелетін іс

4.Қоғамға пайдалы іс

Аталмыш ережеге сәйкес ақ параққа жақсы көретін істеріңнің тізімін жазып шық. Содан соң бұл тізімнен қолыңнан келетін істі іріктеп ал. Іріктелген тізімнің арасынан ақша әкелетінін бөліп аламыз. Осылайша, соңғы ережеге сай қоғамға пайдалы істі жүзеге асырасың.

2-қадам. Жалқаулығыңды жең. Бүгін істеу керек нәрсені ертеңге қалдырма.

Есіңде болсын, жалқаулығыңды жеңе білсең, асығың әрқашан алшысынан түседі. Сондай-ақ тағдырың оңынан келеді.

3-қадам. Әрдайым ізденісте бол. Білімге деген құштарлығыңды жоғалтып алма.

Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келген жанмен тең. Френсис Бэконның “Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтан да білім - күш” деген керемет тәмсілі бар. Расымен, білім жолын қусаң, қалаған есігіңнің қақпасы ашық болады.

4-қадам. Тәуекел етуден қорықпа. Қорқақтық түбі жақсылыққа апармайды.

Мақсат қой, әрекет ет, тәуекелшіл бол. «Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің». Сондықтан өз қайратың мен күш-жігеріңе сен және сол жолда еңбектенуден шаршама.

5-қадам. Уақыттың қадірін біл. Есіңде болсын, бос өткізіп алған уақытыңды кері қайтара алмайсың. Сол себепті әр күніңді, әр сағатыңды, әр минутыңды өнімді өткізуің үшін оны дұрыс жоспарла.

Имам Шафиғи: «Уақыт бейне бір жүзі лыпылдаған өткір қылыш секілді, егер оны дұрыс қолданбасаң, өзіңді кесіп түседі», – деген. Уақытыңды қолыңнан келетін, пайдалы іске арна. Сонда жүрек тыныштығынан айырылмайсың. Сонымен қатар ісіңе береке кіреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 51 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: