07:20
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Адамдар алдында өзіңізді еркін әрі жайлы сезінудің 3 жолы

Көп адам үлкен ортаға тап болған уақытта қысылып, қол-аяғы дірілдеп, өз ойын еркін жеткізе алмай жатады. Мұның себебін әркім өз бетінше тізбектейді.

Солардың басым көпшілігіне кішкентай кезінде немесе белгілі бір жаста орын алған келеңсіз жайттар, сәтсіздіктер, адамдардың ойы мен пікірі себеп болып жатады. Егер сіздің де бойыңызда аталмыш комплекс бар болса, жазбаны оқып болған соң міндетті түрде пайдаға асырыңыз.

1. Өзіңізге деген құрметіңіз жоғары болсын. Ал адам өзін жақсы көруі үшін күнделікті әрі тұрақты түрде айнаға қарап, айнадағы адаммен сырласқаны абзал. Сіздің рухыңызды, көңіл-күйіңізді көтеретін жылы сөздермен құлағыңыздың құрышын қандырыңыз. Таңертең және кешкі уақытта осы әдісті қолданып тұрсаңыз, нәтижеге де тез жетесіз.

2. Осындай көпшілік ортада сіз әрдайым қызығып қарайтын 2-3 адамның жақсы қасиеттерін көшіруге тырысыңыз. Олардың өздерін ұстау тәртібіне, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, мимикасына, өмірлік ұстанымы мен тәжірибесіне зерттеу жүргізіңіз. Осылайша, сіздің болмысыңызға сай келетін әрекеттерін ұрлаңыз.

3.Өмірдегі үлкенді-кішілі жетістіктеріңізді еске алып тұрыңыз. Қағазға тізіп жазсаңыз, тіптен керемет. Осы тәртіппен өзіңізге деген сенімділігіңізді арттырыңыз. Өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз! Сіз жеке тұлғасыз, басқа адамның қолынан келген іс сіздің де қолыңыздан да келеді! Бәріне уақыт пен шыдамдылық, тынымсыз еңбек қажет.

Есіңізде болсын, “ұялмаған бұйырмағанды алады”. Сондықтан әркез өзіңіздің жеке ойыңыз бен пікіріңізді айтудан, бөлісуден қымсынбаңыз!

Ұялшақтық, қорқу сынды жағымсыз дүниелер тек сіздің ойыңызда қалыптасқан. Егер мықты боламын, биіктерге өрлеймін десеңіз аталған кемшілігіңізбен жұмыс істеңіз!

* * *

Қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі туралы не білеміз?

Қазақ коғамындағы өндірістің тағы бір түрі - үй кәсіпшілігі. Үй кәсіпшілігінің негізгі қызметі шаруашылықты қажетті құрал-жабдықтармен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету.

Қазақ қоғамының шаруашылығы мен кәсіпшілігі, негізінен, табиғи болды. Яғни, шаруашылықтан алынатын өнім де, кәсіпшілік арқылы өндірілетін құрал-сайман, тұрмыс жабдығы, қолөнер туындылары да, негізінен, қауымның өз қажеті үшін шығарылды.

Сондықтан да Қазақстан Ресей құрамында капиталистік қарым-қатынасқа, тауарлы өндіріс жүйесіне кіргенге дейін қазақ қауымының шаруашылығы табиғи болды, ал кәсіпшілігі үлкен өндірістік, тауарлық мақсатқа құрылмай, негізінен, ауыл-үй, қауымдастықтар сұранысын өтеуге бағытталды.

Кәсіпшіліктің бұл деңгейдегі түрі үй кәсіпшігі деп аталды. Қазақ ұсталарының, зергерлерінің қолынан шыққан заттар ешбір елдің өндірістік деңгейде ұйымдастырылған қолөнер заттарынан кем болмаған.

Көшпелі тұрмысқа ыңғайланып жасалған түркі-моңғол халықтарының, қазақтың киіз үйі өзінің сәулеттік, құрылымдық, ішкі-сыртқы жабдықтары жағынан адамзат баласы ақыл-ойының, өнерінің ең бір шырқау шегі болып табылады.

* * *

Сұранысқа ие маман болуға көмектесетін “4С” жүйесі

Сөйлеу өнерін, дұрыс әрі сауатты сөйлеу техникасын толық меңгерген кез келген адам, кез келген маман иесі өз ісінде жеңіске жете алады және өзгелерден оқ бойы озық тұрады. Мейлі, сіз студент немесе оқушы, дәрігер, дүкендегі сатушы, ұстаз, я болмаса қайнаған бизнес әлемінің өкілі болыңыз сауатты сөйлеп қана қоймай, ойыңызды еркін жеткізе алсаңыз әр адаммен жоғары деңгейде байланыс орната аласыз.

Ендеше сұранысқа ие маман болу үшін «4 C» жүйесін меңгеріп алыңыз. Сіздерге түсінікті болу үшін «4 C» тізбектеп шығайық.

Critical thinking – сыни тұрғыдан ойлау. Бұл дағды бойынша сіз кез келген мәселеге сыни көзқараспен қарап, ақпаратты сұрыптап, жан-жақты талқылайтын боласыз. Осылайша өз бетіңізше қорытынды шығарып үйренесіз. Қандай да бір істі бастамас бұрын логикаңызды іске қосып, түрлі мәселелердің шешімін табуға бейімделесіз.

Creativity – шығармашылық қабілет. Шығарамашылық қыры жақсы дамыған адам стандартты емес шешімдерді қабылдап, кез келген өзгеріске дайын болады. Қиындықтарға қарсы тұра алады және туәкел етуден қорықпайды.

Coordinating with ohers – өзге адамдармен қарым-қатынас орнату. Координация коммуникациямен тығыз байланысты, бірақ кәсіби салаға жатады. Бұған жалпы мақсатты және оған жету жолдарын анықтау, нәтижені бағалау мүмкіндігі жатады.

Communication – коммуникация. Қазір кез келген уақытта барлығына қоңырау шалу және хабарлама жазу мүмкіндігі бар. Сондықтан екі жағдайда да адамдармен дұрыс келіссөз жүргізіп, жоғары деңгейде байланыс орнату маңызды. XXI ғасырда ең қажетті аталмыш дағдыларды қалыптастыру сіздің де қолыңыздан келеді. Тек қажетті білім алып, өзіңізді әрдайым шыңдап отыруыңыз қажет.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 58 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: