11:34
Бабалар ізімен

ЕСТІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАҚАЛДАР

Қазақ – шешен халық. Сөздік қоры аса бай болғандықтан, өмірдің барлық сәтеріне байланысты мақал-мәтелдер шығара білген. Мақал-мәтел – қазақтың рухани қазынасы, философиялық пайым, түсінігі. Сөз қадірін білген әрбір қазақ жүйелі сөзге қонақ берген және артындағы ұрпағын осы үрдіспен тәрбиелеген. Күнделікті өмірде көп қолданбайтын мақалдар жиынтығы шамамен мынадай:
Түйір нан — тамшы тер;
Істің ақыры жігіттің пақырына қалады;
Тапқан қуанады, таныған алады;
Арқан үзіледі, борыш үзілмейді;
Ұйқышыл жастық таңдамайды;
Жаман адамға мал бітсе, зекет бермес;
Сау төрде, ауру көрде;
Ластың досы шыбын;
Кещеге бәрі күлкілі;
Кебіс ұрлаған бір кісі, күмәнді болған мың кісі;
Түйенің басы тегешке сыймас;
Семіз қойдың ғұмыры қысқа;
Тәңір асыраған тоқтыны қасқыр жемейді;
Жерінен ауғанға жеті жыл қоныс жоқ;
Ел аузына елек қойып болмас;
Жақсы жігіт жер шолып, ақыр түбі айналар;
Елді іс біріктіреді, сөз бұзады;
Діннен безсең де, елден безбе;
Адам ойлайды, Құдай шешеді;
Қашқан да «Құдай» дейді, қуған да «Құдай» дейді;
Әр Мұсаға бір Перғауын;
Сауатсыз молданың сәлдесі үлкен;
Адам құлақтан азады, көңілден семіреді;
Темір сырын отта таны, адам сырын жоқта таны;
Халық ханға бағынғанда – бала, ашуланғанда – әке;
Көпті жылатқан көп жүрмес;
Дәрі шөптен, ақыл көптен;
Көп құмырсқа жабылса, түйені де өлтірер;
Кілемге бергісіз алаша бар, ханға бергісіз қараша бар;
Таста тамыр жоқ, Төреде бауыр жоқ;
Әмірші есірсе, әлеумет сорлайды;
Көшбасшының кигені жылы, жылаған баланы не қылсын?
Атасыз ұлдың аузы үлкен;
Атадан бала озбайды, мойыннан жаға озбайды;
Он бала бір әкеге жүк болмайды, бір әке он балаға жүк болады;
Анаңнан емген сүт үшін нағашыңды сыйла, балаң емген сүт үшін әйеліңді сыйла;
Ұлыңа ұлтарақ бол, келініңе көпшік бол;
Баланы ақырып үйретпе, ақырын үйрет;
Жұрттан Сүлеймен туады, бізден сілейген туады;
Балаға айтқан сөз – байлаусыз бұзау;
Еркенің жасы кеппес, жорғаның тері кеппес;
Қазанның қайнағанын қара, баланың ойнағанын қара;
Інінің жолы тас қару, ағаның жолы басқару;
Аға ұрар болса, іні тұрар болсын;
Алты қойы артық болса, інісі ағасына сәлем бермес;
Бөле бөрік емес, итмұрын өрік емес;
Қаба-қаба сөйлейтін қарындастың бары жақсы;
Ай көрмесең туысың жат, жыл көрмесең досың жат;
Тебісіп жатсаң да теңің болсын;
Кемер белбеу – бел сәні, Кемел жігіт – ел сәні;
Біз де кісі болармыз, атқа кісен салармыз;
Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол;
Қызды ауыл өсекшіл;
Қызды жеңге, жеңгені теңге бұзады;
Қапияда қатын ақыл табады;
Әйелінен ұялған баласыз өтеді;
Ері жоқ әйел – ескегі жоқ қайық, әйелі жоқ еркек – ауыздығы жоқ ат;
Екі әйелдің басы қосылса, үшінші әйелдің соры;
Үлкен үйге не керек, кіші үйге де сол керек;
Сұлу алған жолдасынан айрылар;
Сыланайын десем байдан қорқам, сыланбайын десем тоқалдан қорқам;
Отты жастығың өтпей отау тік;
Құданың тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра;
Қонақ алдымен қабағыңа қарайды, содан кейін табағыңа қарайды;
Қонағыңның алдында мысығыңа «пыш» деме;
Жаңа енші алғанмен үш жылға дейін көрші болма;
Көршің үшін намазыңды бұз;
Заманың қандай болса, бөркіңді солай ки;
Қыз құшпаған ер арманда, қызғалдақ жемеген қозы арманда;
Қыдыр дарымаған адам есек базарында делдал да бола алмайды;
Күміс есіктінің күні ағаш есіктіге түсер;
Бұхарада боқ шоқыған ала қарға мұнда келіп жылқышы болыпты;
Күшті қауіпті емес, кешкіл қауіпті;
Екі қылыш бір қынапқа сыймас;
Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірер;
Жолбарыстың артында тері, батырдың артында елі қалар;
Шөлдің қамысы болма
с, жаманның намысы болмас;
Үлкен пышақ ұялғаннан өтеді;
Жоғалған пышақтың сабы алтын;
Жарабет жазылғанмен, қарабет жазылмас;
Тоны жаманды ит қабар, көңілі жаманды
Құдай табар;
Ащы сұраққа тұщы жауап күтпе;
Пышақты өзіңе сұқ, ауырмаса өзгеге сұқ;
Киген тоның ескірер, кидіргенің ескірмес;
Талаптың тоқпағы тасқа шеге қағады.
Ашу – пышақ, ақыл – таяқ, жона берсең таусылар;
Ақ Еділдің өзі болмасаң да бұлағы бол, ақылды бастың өзі болмасаң да құлағы бол;
Пішені өртенбегеннің бәрі ақылды, түйесі жоғалмағанның бәрі есті;
Аюды жеңген – жарты ер, ашуды жеңген – бүтін ер;
Ойшыл ой ойлағанша, тентек іс бітірер;
Ішіңде пікір өлгенше, сыртыңда талау болсын;
Ойлаған ойды қыстаған тұрмыс аздырар;
Жасыңда ұқпағанды жасай келе түсінерсің;
Көрмегенге көсеу таң;
Оқ жетпес жерге қылыш суырма;
Өзі жарымағаннан сарқыт дәметпе;
Жықсаң да, жығылсаң да алысқаның арыстан болсын;
Құлайын деп тұрған тамға сүйенбе;
Мейірімдінің кәрінен сақта, қарсыз қыстың зәрінен сақта;
Тілмен байлаған қолмен шешілмейді;
Ұзын шапан аяғыңа оралады, ұзын тіл мойныңа оралады;
Кінәлінің тілі қысқа;
Жер астында жатқанды қазбай жатып тіл табар;
Сөз – сабан, іс – дән;
Біреудің ат көтермес бөзі бар, біреудің ат көтермес сөзі бар;
Құлақтан кірген суы
қ сөз, көңілге барып мұз болар;
Қисық отырсаң да , түзу сөйле;
Сөзді сөзбен ұста, қашағ
анды құрықпен ұста;
Біріктіріп айтса бидікі жөн, құрастырып айтса құлдікі жөн;
Күңге күле қарасаң, көйлегіне жамау сұрар;
Түймең түссе түйедей әзіл айтатыннан сақтасын;
Сиыр баққанда бірге едік, жаңғақ шаққанда бөліндік;
Досыңның пышағымен мүйіз кес, дұшпаныңның пышағымен киіз кес;
Айға жетпес асыңды ауылдастан аяма;
Бір аяқ қымыздың екі аяқ желі бар;
Жолдағы құйрықтан, қолдағы өкпе артық, жайлаудағы жылқыдан, қорадағы қой артық;
Шай ішіп үйренген, қымыз сұрап қыстамайды;
Атасы жер жырта білмегеннің, баласы тұқым себе білмейді;
Сақтағаныңды жесең, сағынғаның келер;
Ақшасыз базарға барғанша, кетпен алып мазарға бар;
Мақтаншақ өз дамбалын былғайды;
Қисықтың көлеңкесі де қисық
.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 203 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: