12:26
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

АҢШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

  • Аңға шыққан аңшыға «Қанжығаң майлансын» дегн тілек айтылады.
  • Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етіледі.
  • Атып алған құланның немесе жабайы ешкінің басын немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшының өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшыларымен бірдей етіп бөледі.
  • Дос-жаран, құда-жекжат және туған-туыстан ит алмайды. Араларында түсінбеушілік болып, суысып кетеді.
  • Ит – жеті қазынаның бірі. Сондықтан оны өлтіруге, азаптауға, қаңғыртып жіберуге болмайды. Олай етсе, иесінің басына жаманшылық үйіріледі.
  • Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оның үйдің төріне не бесікке іліп қояды.
  • Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімде ғана аулау керек.
  • Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 200 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: