15:20
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

ҚҰСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР

  • Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді.
  • Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.
  • Көкектің даусы оң жағыңнан естілсе, бай боласың; сол жағыңнан естілсе, сәтсіздікке ұшырайсың; алдыңнан естілсе, көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.
  • Үкі түнде ауылдың сыртынан шақырса, ауылда көп кешікпей өрт, болмаса қайғылы жағдай болады; үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды.
  • Егер тауық ұясына ерте қонақтаса, ертеңіне жауын-шашын болады; бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса, күн суытады.
  • Егер тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.
  • Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса, жақсылық болады, өйткені бұл құстар – Алланың сүйіктісі.
  • Тауықтың мезгілсіз шақырғаны – жаман ырым.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 197 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: