23:30
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

МАЛ ӘБЗЕЛДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

  • Мал әбзелдерін лас жерге, аяқ астына тастамайды. Оларды арнайы орынға іліп қояды.
  • Мал ұстайтын құралдарды (құрық, бұғалық т.б.) аттамайды. Мал ұстайтын құралдар киелі болып саналады.
  • Мал ұстайтын құралдарды тік көтеріп жүруге болмайды, олардың ілгегін қолға іліп, жерге сүйретіп жүреді.
  • Атты немесе басқа малды сатқанда, яки біреуге сыйлағанда ноқта-жүген, бас жібі берілмейді, ырыс-несібе олармен бірге кетеді.
  • Мал байлайтын арқанды, жіпті, көгенді т.б. аттамайды.
  • Қой қырқатын қайшыны иесіне «мұны мен емес, жер беріп отыр» деп ойлап, жүнге орап қайтарады. Қайшыны қолға бермейді, жерге қою керек. Екінші адам оны сол жерінен алады, әйтпесе қайшы қойдың терісін кесіп кетеді.
  • Ер-тұрман үй ішіндегі арнайы жерге қойылады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 221 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: