15:19
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

ТӨРТ ТҮЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Ырымдар

  • Мал айдап бара жатқан адам кездескенде «айдар көбейсін!» дейді, ал малшыға «бағар көбейсін!» деген тілек білдіреді.
  • Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Оны бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұстайды. Жас бота тұрған киіз үйдің белдеуіне бөтен адамның атын байлатпайды. Егер де бөтен адам ботаны көріп қалса, оған жалма-жан «тіл-көзім тасқа» дегізіп, ботаға түкіртеді немесе отқа тұз тастатады.
  • Мал иесі малдың сүттілігіне, немесе семіздігіне риза болғанда, алдымен Құдайға сыйынып барып, ризалығын білдіреді, әйтпесе көзі тиюі мүмкін.
  • Қазанда қайнап жатқан сүт төгілсе, малдың желініне жара шығады. Сүт отқа күйсе, малдың емшегіндегі сүт азаяды.
  • Мал сойғанда төс шеміршегін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол үйдің аты жүйрік болады.
  • Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 218 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: