23:14
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

ҮЙ ТҰРМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Тыйымдар

  • Киіз үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды. Өйткені бұл – үйден өлік шығады деген ырым. Қазақтың киіз үйінде бір жағдайда ғана – үйде өлік болғанда от жағылмайды, отын сыртқа шығарылады.
  • Түнде сандықты ашпайды, ашса, әулеттен біреу-міреу өледі деп жорамалдайды. Ал өте қажет болған жағдайда, «оған жылан кіріп кетті» деп ашады.
  • Есіктің киізін үйдің үстіне қарай лақтырмайды, орап қояды. Әйтпеген жағдайда жау найзасымен ашып кіреді, яғни жауласқан адам үй қожасын жеңіп кетеді.
  • Ауа райы жақсы болса, түндікті бақанмен тіреп қоюға болмайды. Бұл – жау шақыру деген жаман ырым.
  • Жанып тұрған шырақты үрлемейді, өйткені бұлай сөндірсе, адам ұмытшақ болады.
  • Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды. Бұл – жамандық шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған.
  • Есікті тебуге болмайды. Жау келгенде ғана есікті теуіп кіреді.
  • Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды. Бұл – жамандық шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау келе жатқанда ғана үй иелері үйді айналып жүрген.
  • Біреуден қайрақ сұрамайды.
  • Жастық басқа жасталатындықтан, оны аяқпен баспайды.
  • Арқанды, бақанды аттаса, шаңырақтың құты кетеді.
  • Шәугім мен аққұманның шүмегін есікке қаратып қойса, ырыс-несібе кемиді.
  • Итке ожаумен ас құймайды – үйдің берекесі кетеді.
  • Біреу келгенде үйді сыпырмайды – әдепсіздік болып саналады.
  • Сыпырғымен адамды ұрмайды.
  • Сыпырғыш, күрек, айырдың басын жоғары қаратып қоймайды. Бұл – «ұстайтын кісі жоқ» деген жаман ырымды білдіреді.
  • Сыпырғышты төрге қоймайды. Бұл – үй ішіндегі жаманшылық, ауру-сырқау сыпырғышпен босағадан шықсын, төрге жоламасын деген ниеттен туған ырым.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 259 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: