23:09
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

НАНҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

  • Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек.
  • Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Асығыспын, нан ауыз тиейін», «Ең құрыса, нан ауыз ти» деген сөздер бекер айтылмаған.
  • Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан – қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.
  • Нанды басып, Құранды алуға болмайды, ал аяқтың астына Құранды қойып, нанды алуға болады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 246 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: