08:53
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

СҮТ ТАҒАМДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

  • Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.
  • Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іріткі ашық далада піспейді, құты кетіп қалады.
  • Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді.
  • Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.
  • Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды. Сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады.
  • Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетіп қалады.
  • Ақтың жуындысын адам жүретін жерге төгуге болмайды.
  • Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 257 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: