12:35
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

ЫДЫСТАРҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

  • Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын-шайтан жалап кетеді деп санайды.
  • Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.
  • Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдіреді.
  • Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
  • Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс-несібе кетеді.
  • Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық ұғымында ашық қалған қазанды жын-шайтан жалап кетеді деп саналады.
  • Қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді.
  • Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.
  • Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.
  • Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.
  • Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.
  • Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 244 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: