16:53
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

ӘЙЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

  • Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды, өйткені күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
  • Әйелге түнде суға баруға болмайды, өйткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.
  • Екіқабат әйелге түйе етін жеуге болмайды, әйтпесе ол баланы 12 ай көтереді. Егер ол 12 айда да тумайтын болса, бураның мойнына ақ мата салып, содан аттап өтуі керек.
  • Жүкті әйел жеңіл босану үшін толғатқан кезде оған тиісті барлық сандықтар ашылып қойылады.
  • Жаңа босанған әйел киіз үйге кірген итті қумайды, егер қуса, тістері түсіп қалады.
  • Әйел отынды ошақтың үш бұтының үстінен асырып жинап қойса, күйеуі басқаға үйленеді.
  • Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.
  • Екіқабат әйел керілген арқаннан аттап өтпейді, өйткені босанған кезде баланың кіндігі мойнына оратылып, тұншығуы мүмкін.
  • Әйел аттылы ер адамның жолын, үлкендердің алдын кесіп өтсе, бақытсыз жағдайға душар болады.
  • Әйелге шашын отқа тастауына болмайды. О дүниеде Құдай әйелдер мен қыздардан «саған берген шашымды қайда тастадың» деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.
  • Кір жуғанда кірдің суын жолға, аяқ астына төгуге болмайды. Кірдің суын басқан адам жаманшылыққа ұшырайды.
  • Түн ішінде кір жаймайды. Өйткені әйел қорқып, шошыма ауруына шалдығуы мүмкін.
  • Әйел шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.
  • Жұма күні кір жууға болмайды. Жұма күні кір жуылса – аруақтар риза болмайды.
  • Айт мейрамы кезінде кір жууға болмайды. Өйткені айт – қазақ халқының діни мейрамы, қасиетті мерекесі.
  • Қызға құйымшақ жегізбейді. Құйымшақ жесе, жеңілтек болады деп санайды.
  • Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін бүріп қояды.
  • Екіқабат әйелге ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса, мерзімінен бұрын босанады.
  • Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туады.
  • Жас келіннің емшегі, малдың  желіні іссе, қайтыс болған адамды жуған қолғаппен аптайды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 271 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: