10:56
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

АДАМНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Тыйымдар

  • Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғандажоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.
  • Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.
  • Жер таянып отырмайды. Жақынынан айырылған адам ғана жер таянады.
  • Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
  • Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл – қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым.
  • Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.
  • Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.
  • Тізені құшақтамайды. Бұл – «Ұрпақсыз қалдым», «Қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.
  • Жуған қолды сіліксе, ырыс-несібе кетеді.
  • Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады.
  • Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі.
  • Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
  • Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бұл қол-аяғы байланған тұтқынды еске салады.
  • Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.
  • Таңдай қағуға болмайды. Үй ішінде таңдай қаға беру – жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі.
  • Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адам алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды: бұл қылықтардың бәрі де әдепсіздік болып саналады.
  • Құран оқығанда күлуге болмайды. Құранды жерге тастауға болмайды. Өйткені ол киелі нәрсе.
  • Кісіге қарап бейберекет күлуге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана бейберекет күле береді.
  • Адамға қарап керілмейді, әдепсіздік болып саналады.
  • Жатқан кісінің үстінен аттамайды.
  • Кемтар адамға күлуге болмайды. Кемтар адамға күлсең, өз басыңа келеді.
  • Екі езуді керуге болмайды. Жаманшылық шақыру белгісі болып саналады.
  • Ішекті тартуға болмайды. Жаманшылық шақыру белгісі болып саналады.
  • Құдайға тіл тигізуге болмайды.
  • Тырнақты тістесе, ырыс-несібе кетеді.
  • Тырнақ пен бастың шашын бейсенбі мен жұмадан басқа күндері алады.
  • Сейсенбі күні үлкен іске кіріспейді, түнгі қонаққа мал сойылмайды, жаңа мекенге көшпейді, тіпті малды да санамайды. Қазақ халқында сәрсенбі сәтті күн болып есептеледі. Сондықтан барлық істі сәрсенбі күні бастайды.
  • Түнде айнаға қарамайды. Адам түнде айнаға қарағанда қатты шошынуы мүмкін.
  • Итті, мысықты тебуге болмайды. Өйткені әрбір жан-жануардың киесі болады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 273 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: