15:24
Қазақ әдебиеті әлемінен

«ЖАМБЫЛ МЕН ҚҰЛМАМБЕТ АЙТЫСЫ»  ақындар айтысының классикалық үлгілерінің бірі. 1897 ж. Ұлы жүз албан елінің жайлауында Шәрипа деген қыздың ұзатылу тойында өткен. Осы тойда Құлмамбет Жетісу мен Ыстықкөлден келген 9 ақынды түгел жеңеді. Жамбыл айтысқа түскенде Құлмамбет оны бірден абыржытып алу үшін кемсітіп, кедейлігін бетке басады, Жамбыл Албан елінің бірнеше байларын атап, сол мақтаулы байлардың кедейлердің табан ақы, маңдай терін жеп жүрген құлқын құмарлығын әшкерелейді. Ел қорғаған ерлігімен, әділдігімен танылған халық батырларын дәріптейді. Айтыстан қазақ елінің сол кездегі өмірі, қоғам қайшылықтары, азаматты мәселелсі туралы элементтерді байқауға болады. Жамбыл осы айтыста Құлмабетті жеңіп, Жетісудағы «бірінші ақын» атанады. Айтыс 7-8 буынды жыр және 11 буынды қар өлең үлгісімен жырланған. Айтыстың көркемдік ерекшеліктерінің бірі – екі ақынның сөздері ұзақ сүре жыр, монолог болып келуі. Айтыс ең алғаш 1931 ж. жарияланған, кейін бірнеше рет Жамбыл жинақтарында, «Айтыс» атты кітапта (1964) басылған. Айтыстың толық мәтінін Ш.әбдікәрімов, С.Мүсірепов, а.Тайшиев, Е.Қандеков, К.Әзірбаев, т.б. ел арасында жатқа айтып жүрген. 

 

«ЖАМИҒ АТ-ТАУАРИХ»  – Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің шығармасы. Жазбаның бас жағы Борис Годунов патшаға мадақ, орта тұсы Рашид әд-Дин шежіресінің ықшам баяны, аяғы Орыс хан мен Оразмұхаммед аралығындағы оқиғаларды қамтыған Шыңғыс ұрпақтарының тарихы. Қадырғали Жалайыри шежіресі Рашид әд-Дин жазбасының көшірмесі емес. көлемі шағын, бірақ тың тараулары бар жеке тарихи жазба. Шығарма 1602 ж. Ресейде жазылған, екі бөлімнен тұрады. Бірінші негізгі бөлімінде Рашид әд-Диннің көпке белгілі «Жамиғ ат-тауарих» кітабының қысқартылған нұсқасы түрік тілінде берілген Алтын Орда, Қырым, Астрахан және Қазақ хандықтары тарихынан қысқаша баяндаулар келтірілген. «Жамиғат ат-тауарихтың» екі нұсқасы белгілі. Оның бірін Н.И.Березин 1825 ж. Қазан университетінің қызметкері Ибрагим Халфиннен алып, 1854 ж. Қазанда бастырған. Бас-аяғы толық емес. бұл басылыммен Ш.Уәлиханов, көптеген татар, қазақ ғалымдары таныс болған. Ал 1922 ж. Қазан молдасы Г.Галеевтің Орталық шығыс кітапханасына мұраға қалдырған кітаптарының ішінен «Жамиғ ат-тауарихтың» екінші толығырақ нұсқасы табылды, шығарманың жазылған мерзімі жөнінде деректер берілумен қатар, екінші бөлімге жататын кейбір толықтырулар бар. Оның ең ақырғы тарауында қазақ тарихының 16-ғасырдағы оқиғалары, қазақ хандары мен сұлтандарының генеалогиясы берілген. Мысалы, Қасым ханның, Жәдік сұлтанның, Ондан сұлатнның, т.б. балалары туралы, басқа деректемелерде айтылмайтын «Жағат маңындағы» ұрыста 37 қазақ сұлтанының қаза болғандығы, Қасым хан мен Жәдік сұлтан сүйегінің жатқан жері жөнінде сөз болады. Шығарма Шығай ханның немересі, Ондан сұлтанның баласы Ораз-Мұхаммедтің Ресей қарамағындағы Қасымов хандығы тағына отырумен аяқталады. Шежіре қазақ тілінде алғаш 1989, одан соң 1991, 1997 жарық көрген. Кезінде Ш.Уәлиханов «Жамиғ ат-тауарихтың» үзінділеріне түсініктеме жазған.

 

ЖАНАМА ҰЙҚАС – жырда негізгі желілі ұйқасқа қосарланып, ара-арасында келетін қатар тармақтың үйлесімі. Желілі ұйқас түйдек-түйдек болып топтасатын көптеген тармақтарды қамтиды да, арасында қалып отыратын кейбір тармақтар өзара ұйқасады. Мысалы, «Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз? Күдеріден бау тағып, ақ кіреуке киер ме екенбіз?» (Ақтамберді жырау).

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 118 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: