18:55
Қазақ әдебиеті әлемінен

ЕСКЕРТПЕ (ремарка) (франц. remargue – ескерту, белгілеу) драматургтың пьесадағы оқиғаға қатысты кейіпкерлердің даралық қасиеттерін ашып көрсету үшін қажетті қосымша түсініктеме сөзі. Ескертпе іс-әрекет барысындағы кейіпкердің жасына, мінез-құлқына, киіміне, сонымен бірге оның қимыл-қозғалысына, көңіл-күйіне, дауыс ырғағына тән толып жатқан өзіндік ерекшеліктерін белгілеп береді. Ескертпеде актіге, көрініске, эпизодқа қатысты жайларға, кейде оқиға өтетін жерге, қоршаған ортаға, негізгі оқиғаға нақтылы сипаттама беріледі. 

 

ЕСТЕЛІК  – әдеби шығарма, мемуар жанрының бір түрі. Естелік – өмірде шынайы болған тұлғалар мен ел тарихында өткен елеулі оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың сол өткенді еске түсіріп, өз атынан баяндап беруі. Алайда естелікте деректер тарихи еңбектегідей нақтылы берілуі міндетті емес. естелік автордың өз танымы тұрғысынан баяндалады. Автор естелікте ақиқаттан алшақ кетпей, оны көркемдеп, бейнелеп жеткізуге құқылы. Естелік жанрлық табиғаты жағынан мемуардың күнделік, жолжазба, т.б. түрлеріне жақын. Қазақ әдебиетінде С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. туралы замандастарының естеліктері бар.

 

ЕСТІРТУ – қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына жеткізу рәсімі. Ауыр қаза, қайғылы оқиғаны жанашырларына, ел-жұртына өлеңмен естірту қазақ халқында ежелден бар дәстүр. Ардақты азаматы не батыр-бағланы қайтыс болған үйдің жанкүйер жақын, туыстарын азалы хабарға дайындап, әзірлеп алу үшін естірту, көбінесе «Аққу ұшып көлге кетті, сұңқар ұшып шөлге кетті, ол адасып кеткен жоқ, әркім барар жерге кетті» деген сияқты салыстырулар түрінде болған. Байшуақ өлгенде баласы Байғараға Ізбасты шешеннің, Бөгенбай батырдың өлімін Үмбетей жыраудың естіртулері тарихтан белгілі. Естірту кейде күңіренген күй сазымен де орындалатын болған. Естіртудің соңы көңіл айтып, қайғылы хабарға ортақтасып, жұбатуға ауысады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 122 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: