16:54
Қазақ әдебиеті әлемінен

«БЕРДІҚОЖА БАТЫР» тарихи жыр. Жырда қалмақтарға қарсы соғысқа аттанып бара жатқан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Боранбай, Барақ, Керей Жәнібек және т.б. батырлардың есімдері айтылады. Туынды он бір буынды қара өлеңге құрылған, ішінара қара сөз де ұшырасады. Қолжазба нұсқасы әдебиет және өнер институтының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.

 

БИЛЕР САЙЫСЫ – билердің дау-дамай мен билік үстінде айтатын ұтқыр сөздері. Билер сайысы терминін алғаш рет М.Әуезов «Әдебиет тарихы» зерттеу еңбектерінде (1927) арнайы әңгіме етіп, ғылыми айналымға енгізді. Ғалым билер сайысының шығу төркіні мен таралуын сөз ете отырып, оны төрт түрге жіктейді: 1. Дау мен билікті қоса айтқан билер сайысы. Бұған Бұқар жыраудың «Керей, қайда барасың?» деген арнауын жатқызады; 2. Екі бидің әділ билікке таласып айтқан сөздері. Бұл ретте ақтайлақ бидің Бопы төремен билер сайысы үлгі етіледі; 3. Жұмбақпен, тұспалмен айтылған билер сайысы. Мұның мысалы ретінде Қараменде мен Кеңгірбай билер сайысы сөз болады; 4. Жамандап яки мақтап айтатын сөздер. Билер сайысының бұл түрі ретінде Сабырбай ақынның Солтабай төреге айтқан арнау сөзін мысал етеді. Билер сайысы кезінде билікке түсуші екі жақтың бірдей сөз сайысуы шарт емес. кейде билік бір ғана жақтан айтылады.

 

«БОЗҒҰЛАН» – батырлық жыр. 7-8 буынды және 11 буынды жыр үлгісімен жазылған. Шығарма оқиғасы ертегі мазмұнына құрылған. Жеті жасар хан баласы Бозғұланның өз елін шапқан қалмақ ханы Өмірханнан кек алып, олжалы оралған ерлік істері баяндалады. Жырдың толық нұсқасын Ә.бөрібаев қызылордалық Б.Баймағамбетовтен жазып алған. Бұл нұсқа Әдебиет және өнер институтында қолжазбалар және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 141 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: