15:31
Қазақ әдебиеті әлемінен

АТЫМТАЙ ЖОМАРТ – көптеген шығыс халықтары фольклорында кездесетін кейіпкер, қайырымдылық пен жомарттық үлгісі. Атымтай Жомарт 6-ғасырда өмір сүрген деген жорамал бар. Ол туралы аңыздардың түптөркіні тай тайпасынан шыққан ақын Хатим ибн абдаллах (Хатим-Тай) есімді кісіге байланысты деп саналады. Атымтай Жомарт туралы шығармалар қазақ халқына ерте кезден белгілі болған. Олар сюжеттік, жанрлық сипатына қарай үш топқа бөлінеді: 1) хикаяттық сипаттағы шығармалар. Оларға Атымтай Жомарттың өмірі әңгімеленеді, жомарт болу себептері баяндалады; 2) қиял-ғажайып ертегілер. Олардың сюжеті басқа да елдердің ертегісімен үндес. Мұнда Атымтай Жомарт – асқан бай, таусылмас қазынаның иесі. Оның жомарт болуы осында; 3) тұрмыс-салт ертегілері. Оларда Атымтай Жомарт – келген қонаққа берер асы да жоқ тақыр кедей. Сонда да жомарт болып бейнеленеді. Е.Сарымбаевтың аударып, толықтыруымен жарық көрген «Хикаят дастан Хатымтайы» (1891; 1892; 1913; көлемі 88 бет) Атымтай Жомарт туралы шығармалардың ішіндегі ең көлемдісі саналады. Қ.Шахмарданұлының «Қиссаи Хатымтай – Жомарты» (1897; 1899; көлемі 8 бет), Ш.Жәңгіровтың айтуындағы ертегі жобасы (1914; көлемі 32 бет) Атымтай Жомарт туралы қазақ тілінде алғаш жарық көрген шығармалар.

 

АЯЗ БИ. Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі, ел басшысының үлгілі бейнесі. Аяз би туралы аңыздарды Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Хан болған Жаманның жыртық шапанын хан сарайы босағасына ілдіріп, соған көзі түскен сайын тәубасынан жаңылмай: «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деп отыруы халық даналығының көрінісі болып табылады.

 

АЯТ (араб. – белгі) – Құран Кәрім сүрелерінің қысқа, дербес бөлігі. Құран Кәрім 114 сүреден (тараудан( тұрады. Ол сүрелер («Фатихадан» өзгесі) ұзақтығы, көлемі бойынша белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ал әрбір сүре аятқа бөлінеді. Ең ұзақ сүреде («Бақара» сүресі) 286 аят бар. Аяттарда 1 сөден 68 сөзге дейін болуы мүмкін. Құран Кәрімде барлығы 6204-тен 6236-ға дейін (әр түрлі есептер бойынша) аяттарда 77934 сөз бар.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 159 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: