09:00
Қазақ әдебиеті әлемінен

«АСАН ҚАЙҒЫ, ТОҒАН, АБАТ» – Мұрын жырау Сеңгірбаевтан жазылып алынған жырлардың бірі. Асан қайғының тұсындағы аңызбен сабақталған жыр оқиғасы оның Әз-Жәнібекпен арақатынасына ұласып, інісі Тоған және баласы Абаттың қалмақтан кек қайтаруымен аяқталады. Аңыздық-эпикалық желімен қатар тарихи-этностық мәліметтерді де қамтып отыратын жыр жолдарынан ноғайлы дәуірінің тарихи тұлғаларын көптеп кездестіруге болады. Олар бірде антопоним (Тарғын, Жәнібек), бірде топоним (Жем, Астрахан), бірде көне наным-сенім көріністері (Қыдыр, Ілияс, қырық шілтен) түрінде бой көрсетіп отырады. Көлемі 800 жолдан астам жыр нұсқасы 1942 ж. алматыда жазылып алынған. Қағазға түсірген – Дәуіт Сеңгірбаев. Қолжазба Орталық ғылыми кітапханада сақтаулы (№667). 1990 ж. «Батырлар жырының» 6-томында толық жарияланған.

 

АССОНАНС (франц. аssjnance, лат. assono – үйлесім) – өлең жолдарындағы дауысты дыбыстардың ндесе қайталануы. Ассонанс өлеңнің интонациялық-музыкалық мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, әсерлілігін арттырады. Мысалы, «Еңсесі биік ақ орда, Еңкейіп сәлем бер сана. Ернеулі жұқа сары аяқ, Ер сарқытын бер сана» («Ер Едіге» жыры).

 

«АСЫЛБЕК – ГҮЛЖАҺАН» – хикаялық дастан. Дастада ақылды да парасатты әйелдің өз басынан кешкен ауыр тағдырына мойымай, күншілдік пен қаскүнемдікті әшкерелеген, әділдік туын көтерген бейнесі сомдалған. Ел аузынан жиналған дастан нұсқалары Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы. Н:Жүнісалиев жырлап, қағазға түсірген дастан нұсқасы «Қазақ халық әдебиеті» көптомдығының дастандарға арналған 13-томында жарияланды (1990).

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 146 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: