18:49
Қазақ әдебиеті әлемінен

АЛТЫАЯҚ – қазақ поэзиясына Абай енгізген шумақ түрі. Ақын осы шумақ өрнегімен «Бойы бұлғаң...», «Буынсыз тілің...», «Бай секілді...», «Қор болды жаным...», «Қуатты оттай бұрқырап...», «Ем таба алмай...», «Кешегі Оспан...», т.б. өлеңдерін жазған. Әр шумақ алты жолдан түзіледі. Алтыаяқтың бірінші мен екінші, төртінші мен бесінші, үшінші мен алтыншы тармақтары өзара ұйқасады. 3-ші мен 6-шы тармақтары жеті буыннан құралса, басқа жолдары төрт буыннан тұрады. Аталмыш өлең өлшемін Абайдан кейін көрнекті ақындар А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, т.б. пайдаланды.

 

АЛТЫ БУЫНДЫ ӨЛЕҢ – әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын (3 буын- 3 буын) өлең өлшемі. Абайдан бастап қазақ поэзиясында кең қолданылып келеді. Мысалы, Абайдың «Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы, Бітпейді іштегі, Ғашықтың жарасы» деген шумақ алты буынды өлеңнің озық үлгісі болып табылады.

 

АЛТЫТАРМАҚ – қазақ поэзиясында лирикалыққ өлеңдерінде жиі қолданылатын шумақ өрнегі. Мысалы, Абайдың «Бай сейілді» өлеңінің шумағы аралас буынды тармақтардан (4 буын және 7 буын) құрылған: «Бай сейілді, Бір бейілді, Елде жақсы қалмады. Елдегі еркек, Босқа селтек, Қағып елін қармады». Кейін 7-8 буынды өлшеммен жазылған өлеңдерде де қолданылатын болды. Мысалы, «Аспанменен тірескен, Тәңіріменен тілдескен, Көкшетауым біп-биік. Қою қара көк бұлт, Жайнап, ойнап құлпырып, Көкшетауды сүйіп тұр» (Мағжан).

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 176 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: