16:53
Қазақ әдебиеті әлемінен

АҚСҰЛУ Орысбайқызы (1874, Қостанай обл. Жітіқара ауд. – 1930, сонда)айтыс ақыны.оның Кеншімбаймен айтысы ел арасына кең тараған. Бұл айтыс шамамен Ор өзені бойында болған. 17 жасар ақын қыз ел берекесін алған би-болыстарды сынайды, әлеуметтік теңсіздікке, озбырлыққа батыл наразылық білдіреді. Ақсұлудың басқа өлең-жырлары кезінде хатқа түспей, ұмытылған.

 

«АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ ЖЫРЛАРЫ» – 18-ғасырдағы жоңғар шапқыншылығына байланысты шыққан тарихи жырлар. «Ақтабан шұбырынды жырлары» атауымен топталған бұл шығармалардың барлғы да Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. 1) «Ақтабан шұбырынды жайында ақын Топыштың сөзі». 1958 жылы М.Мағауин мен Ә.Кекілбаев Түркістан облысы Түркістан ауданы аумағынан жазып алған. Айтушысы – Ә.Байтұрсынұлы; 2) Н.Кенжеғұлұлының «Шұбырынды ақтабан» атты төлтума поэмасы. 1940 жылы Арал экспедициясы кзінде С.Ахметов жазып алған. Көлемі 1400 жолға жуық 7-8 буынды жыр өлшемімен өрнектелген бұл дастанын Н.Кенжеғұлұлы 1923 жылы жазған. «Мәуірт күнім туғанда», «Алғашқы тіршілік», «Түрік туралы аңыз», «Қазақтың бөлінуі», «Шұбырып босқан қиындық туралы», «Қазақтың елдікке бірігуі», «Шаруалар мен байғұстардың көрінуі», «Орыстың Сырға келуі», «Байғұстардың оянуы мен патшаның тақтан құлауы» секілді тараулардан құралатын дастанның қамтыған оқиғаларының ауқымы кең; 3) Арал өңірін мекендеген Жәмет жырау нұсқасы. Жыр 1945 жылы алғаш хатқа түсірілген, айтушысы белгісіз, көлемі шағын.  

 

«АЛАУ БАТЫР»  – «Қырымның қырық батыры» топтамасына енетін жыр. Нұсқасы толық, тұтастай 7- буынды жыр үлгісімен шығарылған. 1942 жылы Мариям Исаева стенограмма әдісімен жазып алған. Жырда елді сыртқы жаудан қорғау, туған жері, Отаны үшін жанын аямау идеясы қиял-ғажайып ертегі сарындарымен ұштасып, Алау батыр халық қорғаны, қамқоршысы бейнесінде суреттеледі. «Алау батыр» жыры алғаш рет «Қазақ халық әдебиеті» көп томдығының 12-томында жарық көрді. Түпнұсқасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 199 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: