20:54
Қазақ әдебиеті әлемінен

«АЙСАРА-ШОЛПАН» – ғашықтық дастан. 1946 жылы Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған фольклорлық экспедиция Ақмола, Көкшетау өңірінде болғанда көкшетаулық жергілікті халық ақыны Сатыбалды Аймағанов жырлап беріп, Бозтай Жақыпбаев қағазға түсірген. Негізгі тақырыбы – бай қызы Айсара мен жалшы, сал-сері, батыр Шорман аралығындағы сүйіспеншілік сезімдері. Бас бостандықтары жолында жастардың құрбан болып, арманда кетуі шынайы суреттеледі. Жыр бұрын ешқайда жарияланбаған. Толық нұсқасы Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтіндер бөлімінде сақтаулы.

 

«АЙСАҰЛЫ ӘМЕТ» – көне аңыз. Аңыз кейіпкері Айсаұлы Әмет жас кезінде Алтын Орда ханы Жәнібектің қарамағында қызмет істеп, кейін оған бағынбай қырға шығып кетеді. Аңызда «Жәнібек хан аңға шыққанда Әмет оның қызын алып қашады. Хан аңнан оралған соң болған оқиғаны біліп, қыз бен жігітті іздетеді, бірақ таба алмайды. Екі жыл өткен соң, қыз жүкті болып әкесіне хабар береді. Жәнібек Алау бастаған үш жүз кісіні қырға жібереді. Олар қайтпай сонда тұрып қалады. Жәнібек өлген соң, Әмет Бердібекке келіп қосылады. Ханның жарты жұртын билейді». Халық жадында сақталған бұл аңызды Орынбордағы Неплюев корпусының оқытушысы С.Кукляшев жазып алған. Осыған ұқсас аңыз Қадырғали Жалайырдың «Жами ат-тауарих» кітабында да кездеседі. Мұнда Әмет пен Сәмет хандар ретінде баяндалады. 14-ғасырдың 2-жартысында Ақсақ Темірмен жауласып жүрген кезде екеуі де қаза табады.

 

АЙТУАР Үсенұлы (1780, Атырау обл. Махамбет ауд. Зауральный мекені – 1854, сонда)  – би, шешен. Баймағамбет сұлтанның бас кеңесшілерінің бірі болған. Ел аузында «Айтуар айтқан екен» дейдітн шешендік сөздер аз емес. Әсіресе, Дәулетқали төре мен шеркеш Тұрлан батыр арасындағы қақтығысты шешудегі төрелік, билік сөзі халық жадында сақталған.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 192 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: